"Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 243 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 желтоқсанда № 35598 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9674 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларында:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Бірыңғай республикалық күнтізбеге және Бірыңғай өңірлік күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар мынадай жағдайларда енгізіледі:

      1) халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде өткізілетін спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың өткізілу мерзімдері мен (немесе) орындарының, қатысушылар санының өзгеруі;

      2) жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстардың өткізілу мерзімдері мен (немесе) орындарының, қатысушылар санының өзгеруі;

      3) республикалық, өңірлік аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша бірыңғай республикалық күнтізбеге және жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша бірыңғай өңірлік күнтізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларды өткізілу мерзімдері мен (немесе) орындарының, қатысушылар санының өзгеруі;

      4) республикалық немесе аймақтық немесе жергілікті аккредиттелген спорт федерациясының бастамасымен.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Бірыңғай республикалық күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен айына бір реттен артық енгізілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады