"Инвесторлар үшін "бір терезені" ұйымдастыру қағидалары, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 11-1-4/327 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 11-1-4/746 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 желтоқсанда № 35606 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Инвесторлар үшін "бір терезені" ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 26 маусымдағы № 11-1-4/327 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32910 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Инвесторлар үшін "бір терезені" ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы бұйрығынының қағидаларына қосымшаға сәйкес жаңа редакциясына өзгерістер енгізілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
А. Рахметуллин

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 11-1-4/746
Бұйрыққа қосымша
  Инвесторлар үшін "бір терезені"
ұйымдастыру қағидаларын,
сондай-ақ инвестициялар тарту
кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібін
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2023 жылғы 26 маусымдағы
№11-1-4/327 бұйрықпен
бекітілген

Инвесторлар үшін "бір терезені" ұйымдастыру қағидалары, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы инвесторлар үшін "бір терезені" ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 282-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

      Қағидалар сыртқы, орталық және өңірлік деңгейлерде инвесторларды тарту және сүйемелдеу, сондай-ақ инвесторлар үшін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметтің тиімділігін арттыру және цифрландыру арқылы Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында әзірленді.

      2. Инвесторларға қызмет көрсету осы Қағидалар шеңберінде ұлттық цифрлық инвестициялық платформа арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – ҰЦИП).

      3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) бастама – ҰЦИП жүйесінде кездесу картасы түрінде ресімделген, әлеуетті инвестормен келіссөздер негізінде қалыптастырылған инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері және Ұлттық компанияның шетелдік өкілдері мен өкілдіктерінің ұсынысы;

      2) бастамашы орган – инвестордан мәліметтер алуға, ҰЦИП жүйесінде жоба паспортын және жол картасын толтыруға жауапты мемлекеттік орган немесе ұйым;

      3) елдік инвестициялық бағдарлама – Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды iске асыруға мүдделiлiгiн бiлдiретiн шетелдiк инвесторларды мақсатты бағыттау үшiн Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерi қалыптастыратын бағдарлама;

      4) "жасыл дәліз" – осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін, қызметтерді жедел ұсынуды көздейтін инвестициялық жобалар үшін арнайы тәртібі;

      5) жоба паспорты – инвестор-компания, қызмет саласы, инвестиция көлемі, қаржыландыру схемасы, байланыс деректері, жоба туралы қысқаша сипаттамасын қоса алғанда инвестициялық жоба туралы негізгі ақпаратты қамтитын құжат.

      6) жобаның жол картасы – жұмыс кезеңдерін, оларды іске асыру мерзімдерін, жауапты орындаушыларды қамтитын инвестициялық жобаны іске асыру жоспар-кестесі;

      7) инвестициядан кейінгі кезең – жобалық қуатқа шығуды немесе сериялық өндірісті бастауды қамтитын инвестициялық жобаның аяқталу кезеңі;

      8) инвестициядан кейінгі сүйемелдеу – жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін инвестициялық келісімшарттың немесе инвестициялар туралы келісімнің талаптарын орындалуын жәрдемдесуге бағытталған іс-шаралар кешені;

      9) инвестицияға дейінгі кезең – инвестициялық жобаны әзірлеу, техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындау, жер учаскесін алу, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, қаржыландыру және басқа да қажетті рәсімдерге дайындау кезеңі;

      10) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 Қаулысына сәйкес инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      11) инвестициялар тарту кеңесі – Қазақстан Республикасының аумағында пысықталатын және инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберінде әлеуетті инвесторлармен жұмысты жандандыруға бағытталған инвестициялық жобалар бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау, оның ішінде кейінге қалдыру шарттарын, сондай-ақ Үкімет басшылығының деңгейінде шешімдер қабылдауды талап ететін инвестициялық жобалар бойынша мәселелерді қарауды ескере отырып тұжырымдау мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган;

      12) инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйым (бұдан әрі – өңірлік ұйым) – инвестицияларды тарту және инвесторларды сүйемелдеу мақсатында жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      13) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания (бұдан әрі – Ұлттық компания) – өз қызметін Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-2-бабына сәйкес жүзеге асыратын, инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания мәртебесі бар заңды тұлға және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері;

      14) инвестицияларға тапсырыс – облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың инвестицияларға қажеттілігі, оны белгілі бір өңірге қатысты және осы өңір үшін заңнамада белгіленген экономикалық жоспарлар мен міндеттер, өңірлердің бәсекелестік артықшылықтары және басқа да факторлар негізделген жергілікті атқарушы орган немесе белгілі бір салаға қатысты орталық мемлекеттік орган тиісті түрде ресімдеуі;

      15) инвестициялық жоба (бұдан әрі - жоба) – мемлекеттік-жекешелік әріптестік инвестициялық жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндірістерді құруды, қолданыстағы өндірістерді кеңейтуді және (немесе) жаңартуды көздейтін іс-шаралар кешені;

      16) инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы – құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жүз елу мың еселенген мөлшерінен асатын экономиканың барлық салаларында іске асырылатын және пысықталатын инвестициялық жобалардың тізбесі, сондай-ақ бастамашылары жеке кәсіпкерлік субъектілері (отандық және шетелдік инвесторлар) болып табылатын инвестициялық келісімшарттар негізінде іске асырылатын инвестициялық жобалар;

      17) инвестициялық жобалардың өңірлік пулы – жергілікті атқарушы органдар құрайтын құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жүз елу мың еселенген көрсеткішке дейінгі экономиканың барлық салаларында іске асырылатын және пысықталатын жеке кәсіпкерлік субъектілері (отандық және шетелдік инвесторлар) бастамашылығымен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар тізімі.

      18) инвестициялық кезең – құрылыс–монтаждау жұмыстарын, мемлекеттік қолдау шараларын алуды, іске қосу-реттеу жұмыстарын және объектіні пайдалануға беруді қамтитын инвестициялық жобаны іске асыру кезеңі;

      19) инвестор – Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;

      20) инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты (бұдан әрі – "бір терезе" қағидаты) – инвесторлардың құжаттарды жинауға және дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, Ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, өңірлік ұйымдар тарапынан инвесторларға ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызметтерді алуға жәрдемдесудің орталықтандырылған нысаны, оның ішінде ҰЦИП арқылы байланыс;

      21) инвесторларды "бір терезе" қағидаты бойынша сүйемелдеу – инвестицияларды тарту саласындағы Ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестицияларды тарту саласындағы өңірлік ұйымдар тарапынан инвесторға ақпараттық, консультациялық, ұйымдастырушылық жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар кешенi, оның ішінде ҰЦИП арқылы;

      22) өңірдің инвестициялық бағдарламасы – жергілікті атқарушы органның инвестицияларды тарту мақсатында өңірдің қажеттіліктерін ескере отырып жасалған бағдарлама;

      23) ұлттық цифрлық инвестициялық платформа – Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды тарту, сүйемелдеу және есепке алу үшін құрылған электрондық платформа;

      24) фронт-офис жүйесі – консультацияларды, мемлекеттік қызметтерді көрсету, кездесулер, келіссөздер және Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылымын өткізу үшін қажетті инфрақұрылымы бар арнайы бөлінген алаңдарда жүзеге асырылатын осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мүдделі органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін үш деңгейлі (сыртқы, орталық және өңірлік деңгей) жүйе;

      25) KYC (Know Your Client) рәсімі - әлеуетті инвестормен өзара іс-қимыл жасау кезінде заңды және қаржылық тәуекелдерді анықтау және алдын алу мақсатында тәуекел-менеджмент рәсімі;

      26) Task Force – Ұлттық компанияның құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемiнде жетi жарым миллион еселенген мөлшерiндегi инвестицияларды қамтитын, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген "жасыл дәліз" критерийлеріне сәйкес келетін инвестициялық жобалар пулын қалыптастыруға және сүйемелдеуге жауапты құрылымдық бөлiмшесi.

2-тарау. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында инвесторларды "бір терезе" қағидаты бойынша сүйемелдеуін ұйымдастыру тәртібі

1-параграф. Инвесторлармен сыртқы, орталық және өңірлік деңгейлерде өзара іс-қимыл жасау

      4. Осы Қағидалар шеңберінде инвесторларды сүйемелдеу ҰЦИП арқылы сыртқы, орталық және өңірлік деңгейдердегі фронт-офистер жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      Инвестицияларды тартуға және инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге жауапты Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері, Ұлттық компанияның шетелдегі өкілдері мен өкілдіктері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың шетелдік өкілдері мен өкілдіктері сыртқы деңгейдегі фронт-офистердің субъектілері болып табылады.

      Ұлттық компания, оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі - Ұлттық палата), ұлттық басқарушы холдингтер, оның ішінде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ және Қор тобы, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және өнеркәсіптік-инновациялық қызметті қолдау және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы басқа да ұйымдар орталық деңгейдегі фронт-офистердің субъектілері болып табылады.

      Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары айқындайтын өңірлік ұйымдар, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ инвестициялық саясатты іске асыруға, инвестициялық жобаларды іске асыруға және сүйемелдеуге жауапты өнеркәсіптік-инновациялық қызметті, инвестициялық қызметті қолдау мен шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсететін ұйымдардың өкілдері мен өкілдіктері өңірлік деңгейдегі фронт-офистердің субъектілері болып табылады.

      5. Сыртқы деңгейдегі фронт-офистер субъектілерінің жұмыс тәртібі:

      1) әлеуетті инвесторларды ақпараттық-консультациялық қолдау, оның ішінде Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат беру;

      2) әлеуетті инвесторлардың, оның ішінде трансұлттық компаниялардың Қазақстан Республикасына сапарларын сүйемелдеу;

      3) шетелдік компанияның, оның ішінде зәкірлі және трансұлттық компаниялардың Қазақстан Республикасына инвестициялау ниеттерін растайтын құжаттарға қол қою;

      4) экономиканың барлық салаларында әлеуетті шетелдік инвесторларды сәйкестендіру;

      5) болу елінде үкіметтік, үкіметтік емес және корпоративтік секторлардың компанияларымен іскерлік байланыстар орнату;

      6) шетелдік инвесторлардың жалпы дерекқорын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының елшілігін немесе консулдығын хабардар ете отырып, жетекшілік ететін елде ірі компаниялармен, оның ішінде зәкірлі және трансұлттық компаниялармен кездесулер өткізу;

      7) инвестицияларды тарту мәселелері бойынша екіжақты сапарларға, іскерлік кеңестерге қатысу;

      8) болу еліндегі іскерлік қоғамдастықтарда инвестициялық ұсыныстарды ілгерілету;

      9) болу елінің аумағында инвестициялық сипаттағы іс-шараларды (бизнес-форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер) ұйымдастыру және қатысу арқылы Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін ілгерілету;

      10) болу елдерінің мүдделі топтарын Қазақстан Республикасында және болу елінде алдағы болатын ең маңызды инвестициялық іс-шаралар туралы хабардар ету;

      11) шетелдік ірі компаниялардың тізбесін қалыптастыру;

      12) кездесулердің, ұйымдастырылған сапарлардың және қол қойылған меморандумдардың қорытындылары бойынша қол жеткізілген инвестициялық уағдаластықтардың іске асырылуына талдау жүргізу;

      13) елдік талдауды қалыптастыру үшін ақпарат жинау;

      14) инвесторлардың жүйелі проблемалық мәселелері бойынша ұсыныстарды анықтауды және енгізу;

      15) тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету және уәкілетті органға есеп ұсыну;

      16) мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуді қамтамасыз ету;

      17) инвестициялық жобалар мен бастамалар бойынша ҰЦИП-да ақпаратты қалыптастыруды және өзектендіру;

      18) инвестициялық қызмет туралы деректерді жыл сайын жаңарта отырып, елдік инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

      19) елдік инвестициялық бағдарламаны қалыптастыру және Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасында белгіленген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

      6. Орталық және өңірлік деңгейдегі фронт-офистер субъектілерінің өз өкілеттіктері шеңберінде жұмыс істеу тәртібі:

      1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша аналитикалық зерттеулер жүргізу;

      2) инвесторлардың қызметін сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде инвесторлардың мемлекеттік органдармен, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастыру, инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар және семинарлар өткізу, жұмыс істеп тұрған және перспективалы инвесторлардың дерекқорын қалыптастыруды және жүргізу;

      3) құрылтай құжаттарына сәйкес қолда бар өкілеттіктер шегінде инвесторларға туындаған мәселелерді шешуге, оның ішінде мемлекеттік органдармен кездесулер өткізуге бастамашылық жасау арқылы көмек көрсетуді;

      4) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілету, оның ішінде инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат беру;

      5) инвесторлармен келіссөздер қорытындысы бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтарды іске асыруын сүйемелдеу;

      6) инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды сүйемелдеу;

      7) мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ ұйымдар көрсететін қызметтерді алуда инвесторларды сүйемелдеу бөлігінде "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау;

      8) инвестициялық жобалар бойынша ҰЦИП-та ақпаратты қалыптастыру және жаңарту;

      9) инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулын қалыптастыру;

      7. Орталық деңгейдегі фронт-офистердің субъектілері сондай-ақ:

      1) өңірлік деңгейдегі фронт-офистердің мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуін қамтамасыз етудіе жүзеге асыруда уәкілетті органға жәрдем көрсетуді;

      2) инвесторларға қаржыландыруды құрылымдау және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін рұқсат беру құжаттарын алу мәселелері бойынша жәрдем көрсетуді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да функцияларды жүзеге асырады;

      8. Өңірлік деңгейдегі фронт-офистердің субъектілері сондай-ақ:

      1) Ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері өткізген, оның ішінде шет мемлекеттің аумағында ұйымдастырған инвестициялық тақырып бойынша іс-шараларға қатысуды;

      2) тоқсан сайынға негізде есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 15 қаңтарына дейін Ұлттық компанияға және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктеріне өңірдегі инвестициялық қызмет, оның ішінде инвестицияларды талап ететін өнеркәсіптік-инновациялық жобалар, инвесторлар туралы өзекті ақпаратты тұрақты түрде дайындау ұсынуды;

      3) инвесторларға инженерлік коммуникациялар жүргізуге, жер учаскелері бойынша ақпарат алуға, оларды ресімдеуге, беруге, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру үшін рұқсат беру құжаттарын алуға жәрдем көрсетуді;

      4) инвестицияларға тапсырыс қалыптастыруды;

      5) өңірдің инвестициялық бағдарламасын қалыптастыруды және оны Ұлттық компаниямен бірлесіп есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 15 қаңтарына дейін жыл сайынғы негізде ҰЦИП жүйесінде жаңартуды жүзеге асырады.

2-параграф. Орталық және өңірлік деңгейде инвестицияларды тарту үшін инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді ұйымдастыру мәселесі бойынша уәкілетті органның Ұлттық компаниямен және оның өңірлік өкілдерімен және өкілдіктерімен, өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібі

      9. Ұлттық компаниямен және оның өңірлік өкілдерімен және өкілдіктерімен, өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимыл шеңберінде уәкілетті орган:

      1) кеңестерді ұйымдастыру және жұмыс топтарын құру жолымен проблемалық мәселелерді шешу бойынша инвесторларға жәрдем көрсетеді;

      2) Инвестициялар тарту кеңесінің отырысына инвестициялық ахуалды және инвестициялық, оның ішінде іске асырылуында прогресс жоқ жобаларды жақсарту жөніндегі мәселелерді шығарады;

      3) инвесторлардың проблемалық мәселелерін шешу бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат сұратады;

      4) Ұлттық компанияның орталық және өңірлік деңгейдегі фронт-офистердің қызметі туралы есебін ҰЦИП арқылы қабылдайды;

      5) орталық және өңірлік деңгейдегі фронт-офистер субъектілерінің мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуі бойынша сүйемелдеуді жүзеге асыру үшін Ұлттық компаниядан ақпарат сұратады;

      6) Ұлттық компаниядан елдік және өңірлік талдау нәтижелерін, сондай-ақ инвестициялар тарту саласындағы халықаралық тәжірибені сұратады;

      7) инвестордың сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне (салық салу, технологиялар трансферттері, визалық қолдау), Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарынан тыс қаралуы мүмкін заң жобаларына түзетулерге бастамашылық жасайды;

      8) ҰЦИП жүйесінің жұмыс алгоритмдеріне өзгерістер мен түзетулер енгізуді келіседі;

      9) Ұлттық компания өз құзыреті шеңберінде жүзеге асыратын тапсырмаларды жібереді;

      10) Task Force қызметіне өз ұсыныстар енгізеді.

      10. Уәкілетті орган фронт-офистермен өзара іс-қимыл шеңберінде:

      1) сыртқы және орталық фронт-офистердің мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ өңірлік деңгейдегі фронт-офистердің мақсаттары мен міндеттерін келісу бойынша айқындайды;

      2) фронт-офистер қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      3) инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде олардың тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін әзірлейді және фронт-офистерге жібереді;

      4) фронт-офистердің қызметіне, оның ішінде ҰЦИП арқылы, бағалау жүргізеді;

      5) инвесторлармен өткізілген кездесулер мен келіссөздер қорытындылары туралы ақпарат сұратады;

      6) Ұлттық компанияның және өңірлік ұйымдардың инвестициялық іс-шараларының тақырыбын, өткізу күнін және орнын келіседі;

      7) сыртқы деңгейдегі фронт-офистердің қызметі бойынша есептілікті ҰЦИП арқылы қабылдайды;

      8) барлық деңгейдегі фронт-офистердің қызметіне өз ұсыныстарын енгізеді.

3-параграф. Ұлттық компанияның және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, өңірлік ұйымдардың Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелермен, мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен инвестициялар тарту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл тәртібі

      11. Фронт-офистермен өзара іс-қимыл шеңберінде орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері, жергілікті атқарушы органдар:

      1) фронт-офис субъектілерінің өтініші бойынша инвесторлардың мемлекеттік қызметтерді және олармен байланысты қызметтерді алуға арналған өтінімді дайындау және ресімдеу үшін қажетті материалдарды, құжаттарды және өзге де ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді;

      2) фронт-офис субъектілерінің өтініші бойынша электрондық немесе жазбаша нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін уақтылы түсіндіруді қамтамасыз етеді.

      12. Ұлттық компанияның сыртқы деңгейдегі фронт-офистермен өзара іс-қимылы шеңберінде:

      1) сыртқы деңгейдегі фронт-офистер субъектілерінің сұрауы бойынша:

      инвестормен кездесулер өткізеді, қажет болған жағдайда оның тиісті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, оның ішінде өңірлік деңгейде кездесулерін қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін құжаттарды жинау, дайындау және ресімдеу кезінде ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетеді;

      2) Қазақстан Республикасының және өңірлердің инвестициялық әлеуеті, инвестициялық ахуалы туралы талдамалық және ақпараттық материалдарды жібереді, оларда:

      ахуалы, халқы, коммуналдық қызметтердің, электр энергиясының тарифтері, бағыттар, логистика;

      өңірлер бойынша бөле отырып, инвестицияларды талап ететін инвестициялық жобалар және тауаша инвестициялық жобалар;

      шетелдік инвесторлар үшін әлеуетті серіктестер;

      дайын және жоспарланып отырған индустриялық алаңдар;

      кадрлық әлеует;

      мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат қамтылады;

      3) инвесторлармен жұмысты жақсарту мақсатында семинарлар өткізеді;

      4) елдік инвестициялық талдау жүргізу үшін ақпарат сұратады.

      13. Ұлттық компанияның өңірлік деңгейдегі фронт-офистермен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде:

      1) өңірлік деңгейдегі фронт-офистер субъектілерінің сұрау салулары бойынша мемлекеттік қолдауды ұсыну шаралары, тәртібі, шарттары мен көлемдері туралы ақпаратты, оның ішінде инвесторлар үміткер болуы мүмкін қолдау құралдары туралы ақпаратты ұсынады;

      2) инвесторлармен жұмысты жақсарту мақсатында семинарлар өткізеді;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында құжаттарды жинау, дайындау және ресімдеу кезінде ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетеді;

      4) уәкілетті органға ақпарат беру мақсатында атқарылған жұмыс туралы есеп сұратады;

      5) өңірлікинвестициялық талдау қалыптастыру үшін ақпарат сұратады.

      14. Уәкілетті органмен, Ұлттық компаниямен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде өңірлік деңгейдегі фронт-офистер:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін бірлесіп күш-жігер жұмсайды;

      2) өңірдің инвестициялық әлеуеті, инвестициялық ахуалы туралы талдамалық және ақпараттық материалдарды жібереді, оларда:

      ахуалы, халқы, коммуналдық қызметтердің, электр энергиясының тарифтері, бағыттар, логистика туралы және басқа да ақпарат;

      инвестициялық жоба бойынша жартыжылдық негізде өзекті ақпараты және есеп-қисабы бар (қаржылық көрсеткіштер, тұтыну, экспорт және импорт, экспорттық әлеует және басқа да ақпарат), инвестицияларды талап ететін тауаша инвестициялық жобалар;

      шетелдік инвесторлар үшін әлеуетті әріптестер;

      дайын және жоспарланып отырған индустриялық алаңдар;

      кадрлық әлеует туралы ақпарат қамтылады;

      3) инвестициялар көлемі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын және экономиканың барлық салаларында іске асырылатын бір жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша атқарылған жұмыс туралы есептерді ұсынады;

      4) іске асырылатын және әлеуетті инвестициялық жобалардың қажетті өзекті ақпараты бар жалпыұлттық пулын тиісті салалық мемлекеттік органдармен келісу бойынша тоқсан сайынғы негізде жібереді;

      5) шетелдік инвестициялар қатысатын табысты инвестициялық жобалардың іске асырылуын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша бірлескен жұмысты жүргізеді;

      6) өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында әзірленетін таныстырылымдық-имидждік материалдардың инвестициялық жобаларын келісуге жібереді;

      7) инвестордың сұратуы бойынша ақпаратты өтініш тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді;

      8) дипломатиялық арналар арқылы шетелдік тараппен инвестициялық ынтымақтастық туралы ресми хат алмасуды жүргізеді.

      15. Сыртқы деңгейдегі фронт-офистердің өңірлік деңгейдегі фронт-офистермен өзара іс-қимылы шеңберінде:

      1) елдік және өңірлікталдаулармен алмасуды жүзеге асырады;

      2) инвесторлардың жергілікті әріптестерді іздестіру туралы сұрау салуларын жолдайды;

      3) әлеуетті инвесторлар туралы ақпарат ұсынады;

      4) жобаны жүзеге асыру қажеттілігін анықтау үшін әлеуетті жобалар туралы деректерді жібереді.

      16. Өңірлік деңгейдегі фронт-офистер сыртқы деңгейдегі фронт-офистермен өзара іс-қимыл шеңберінде:

      1) инвесторларды іздестіру бойынша сұрау салулар жібереді;

      2) әлеуетті тауашалар туралы ақпарат береді.

      17. Cыртқы деңгейдегі фронт-офистердің орталық деңгейдегі фронт-офистермен өзара іс-қимылы шеңберінде:

      1) инвесторларға консультациялар беру үшін қажетті ақпарат сұратады;

      2) елдік инвестициялық талдау үшін ақпаратты ұсынады және Ұлттық компаниямен бірлесіп, тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін ҰЦИП-да өзектендіре отырып, елдік инвестициялық бағдарламасын қалыптастырады;

      3) әлеуетті инвесторлар тізімін қалыптастырады және ұсынады;

      4) дайын инвестициялық ұсыныстарды, соның ішінде халықаралық стандарттар бойынша әзірленген ұсыныстарды мақсатты бағыттау арқылы әлеуетті инвесторлармен нақты келіссөздер жүргізеді.

      18. Уәкілетті органмен және Ұлттық компаниямен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде орталық деңгейдегі фронт-офистер:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін бірлесіп күш-жігер жұмсайды;

      2) бірлескен бұйрықпен инвесторларға қызметтер көрсету және оларды мемлекеттік органдарда сүйемелдеу шеңберінде өзара іс-қимыл жасау үшін жауапты адамдарды және ақпарат, сондай-ақ қызметтер ұсыну мерзімдерін айқындайды;

      3) есептік қаржы жылының 1 қаңтарына сәйкес республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен, сондай-ақ жеті жарым миллион еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем емес барлық экономика салаларындағы инвестициялық жобалар бойынша атқарылған жұмыс туралы есептерді ұсынады;

      4) инвестициялық жоба бойынша жартыжылдық негізде өзекті ақпараты мен есеп-қисабы бар (қаржылық көрсеткіштер, тұтыну, экспорт және импорт, экспорттық әлеует), инвестицияларды талап ететін тауаша инвестициялық жобалар бойынша ақпарат жібереді;

      5) ақпаратты инвестордың сұратуы бойынша өтініш тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді;

      6) мемлекеттік қолдау көрсету шаралары, тәртібі, шарттары мен көлемі туралы ақпарат, оның ішінде инвесторлар үміткер болатын ықтимал қолдау құралдары туралы ақпарат алмасады;

      7) Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі инвестициялық іс-шараларға (бизнес-форумдар, конференциялар, семинарлар, вебинарлар) қатысады;

      8) дипломатиялық арналар арқылы шетелдік тараппен инвестициялық ынтымақтастық туралы ресми хат алмасуды жүргізеді;

      9) экономиканың жекелеген салаларының инвестициялық мүмкіндіктерін және мемлекеттік қолдау шараларын таныстыру мақсатында әзірленетін таныстырылымдық-имидждік материалдардың инвестициялық жобаларын келісуге жібереді;

      10) бірлескен бұйрық негізінде шетелдік инвестициялар қатысатын табысты инвестициялық жобалардың іске асырылуын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша бірлескен жұмыс жүргізеді.

      19. Уәкілетті орган және Ұлттық компания фронт-офистер жүйесімен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде:

      1) инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде инвестордың сұратуы бойынша ақпарат алмасады;

      2) Қазақстанның инвестициялық ахуалы, сондай-ақ әлеуетті инвесторлар үшін өңдеуші өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау туралы бірлескен семинарлар (вебинарлар) өткізеді.

4-параграф. Инвесторды "бір терезе" қағидаты бойынша ҰЦИП арқылы сүйемелдеу

      20. Инвесторды "бір терезе" қағидаты бойынша сүйемелдеу процесі сыртқы, орталық және өңірлік деңгейдегі фронт-офистер субъектілері ҰЦИП арқылы жүзеге асырылады.

      21. НЦИП базасында Қазақстан Республикасының барлық экономика салаларындағы инвестициялық жобаларды тіркеу және есепке алу жүргізіледі.

      22. Ұлттық компания уәкілетті органның келісімі бойынша ҰЦИП операторы болып табылады.

      23. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық компания, Ұлттық палата, ұлттық басқарушы холдингтер, оның ішінде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ және Қор тобы, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялар ҰЦИП жүйесінде бастамашы органдар болып табылады. Бастамашы органдар уәкілетті органға ҰЦИП арқылы Қазақстан Республикасында әлеуетті және жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді.

      24. Инвестициялық жобаға барлық мүдделі қатысушылар, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде ҰЦИП-ға қол жеткізе алады. Жүйеге кіру үшін авторизациядан өту керек. Тіркелген пайдаланушылар үш жолмен кіре алады:

      1) логин және пароль бойынша;

      2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы;

      3) Egov.kz IDP арқылы.

3-тарау. ҰЦИП жүйесінде инвестициялық жобаларды жүргізу тәртібі

1-параграф. Инвестициялық жобалардың өңірлік пулын қалыптастыру тәртібі

      25. Өңірлік пулға республикалық респуликалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемдегі инвестициялық жобалар енгізіледі.

      26. Жергілікті атқарушы орган есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей инвестициялық жобалардың өңірлік пулы бойынша деректерді жаңартады.

      27. Өңірлік пулдағы инвестициялық жобаларды "бір терезе" қағидаты бойынша сүйемелдеу жергілікті атқарушы орган мен өңірлік ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

2-параграф. Инвестициялық жобаларжың жалпыұлттық пулын қалыптастыру және "жасыл дәліз" бойынша жобаларды жүргізу тәртібі

      28. Жалпыұлттық пулға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен жоғары көлемдегі, сондай-ақ инвестициялық келісімшарттар негізінде жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар енгізіледі.

      29. Жергілікті атқарушы орган, Ұлттық компания, орталық мемлекеттік органдар, Ұлттық палата, ұлттық басқарушы холдингтер, оның ішінде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ және Қор тобы, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялар инвестициялық жобаны жалпыұлттық пулға қосу туралы бастамасын бастайды.

      Бұл ретте, іске асыру сатысындағы және инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулының өлшемшарттарына жататын жобаларды, сондай-ақ оның аумағында жоба іске асырылып жатқан жергілікті атқарушы орган оны ҰЦИП-ға сүйемелдеу мақсатында жалпыұлттық пулға енгізеді.

      30. Инвестициялық жобаны жалпыұлттық пулға қосу кезеңінде ҰЦИП автоматты түрде осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген көрсеткіштер бойынша ең төменгі шекті мәннің расталғанын баллдық жүйе негізінде есептеп, жобаны "жасыл дәлізге" енгізеді.

      31. Қаржы жылының 1 қаңтарына сәйкес республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жеті жарым миллион еселенген айлық есептік көрсеткіштен жоғары инвестиция көлемі бар "жасыл дәлізде" орналасқан жобалар автоматты түрде Task Force-қа одан әрі сүйемелдеу үшін беріледі.

      32. "Жасыл дәліз" критерийлеріне сәйкес келетін жобалар мемлекеттік қызметтерді жеделдетілген тәртіпте алады, сондай-ақ мұндай жобалар бойынша шешімдер қабылдау барысында туындаған проблемалық мәселелер Инвестициялар тарту кеңесінің таяудағы отырысында қаралады.

3-параграф. Инвестициялық жобаны инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулынан тоқтату және шығару тәртібі

      33. Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулынан инвестициялық жобаны тоқтату және (немесе) шығару негіздері:

      1) тексеру барысында анықталған және оларды белгіленген мерзімде түзетілмеген техникалық талаптар мен стандарттарды бірнеше рет бұзулуы;

      2) қаржылық мәселелер (қалпына келтіру мүмкіндігінсіз жобаны қаржыландыруды тоқтату немесе айтарлықтай қысқарту);

      3) жобаны жүзеге асыруға жауапты заңды тұлғаның банкроттығы немесе таратылуы;

      4) мемлекеттік органдардан қажетті рұқсаттар мен келісімдерді алу мүмкіндігінің болмауы;

      5) жобаны әрі қарай жүзеге асыруға кедергі келтіретін сот немесе басқа құқықтық шектеулердің болуы;

      6) инвестордың немесе жобаның бастамашы органы тарапынан жобаны жалпыүлттық пулдан шығару туралы жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) өтініші.

      34. Жергілікті атқарушы орган ҰЦИП арқылы уәкілетті органға, егер жоба 33-тармақта көрсетілген негіздердің кем дегенде біреуіне сәйкес келсе, инвестициялық жобаны инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулынан тоқтату және (немесе) шығару туралы негізделген сұрау жібереді.

      35. Уәкілетті орган инвестициялық жобалардың жалпыұлтты пулынан жобаны тоқтату және (немесе) шығару туралы шешімді 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      36. Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулынан автоматты түрде алып тастау инвестициялық келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын жобалар ондай келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулынан алып тасталатын жобаларды қоспағанда, инвестициялық жоба №3 "Инвестициядан кейінгі сүйемелдеу" модуліне көшкен күннен бастап үш жыл өткен соң жүзеге асырылады.

4-тарау. ҰЦИП жүйесінде бастамалар мен инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тәртібі

      37. ҰЦИП жүйесінде Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінің бастамалары, инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы, сондай-ақ "жасыл дәлізге" кіретін инвестициялық жобалар сүйемелденеді.

      38. ҰЦИП үш модульден тұрады: №1 модуль "Тарту", №2 модуль "Инвестициялық жобаны іске асыру", №3 модуль "Инвестициядан кейінгі сүйемелдеу".

1-параграф. ҰЦИП жүйесінде №1 модуль "Тарту" бөлімін толтыру және жүргізу тәртібі

      39. №1 модуль "Тарту" – әлеуетті инвесторлармен кездесулерді тіркеу жөніндегі жұмысты, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі бастаманы құруды қамтитын инвестициялар тарту бөлімі.

      Осы модуль шеңберінде әлеуетті инвесторлармен өзара іс-қимылды Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері және Ұлттық компанияның шетелдегі өкілдері мен өкілдіктері жүзеге асырады.

      40. Мұндай өзара әрекеттесу мыналарды қамтиды:

      1) халықаралық және республикалық іс-шараларда әлеуетті инвесторлармен кездесулер ұйымдастыру;

      2) шетелдік инвесторларды тартуға бағытталған мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар басшыларының сапарлары;

      3) әлеуетті инвестор туралы бастапқы деректерді (қызмет саласы, компания мөлшері, шыққан елі, байланыс тұлғасы) көрсете отырып, компания карточкасын және байланыс карточкасын жасау және KYC (Know your Customer) рәсімін жүргізу;

      4) келіссөздердің негізгі аспектілерін, қызығушылық нысаны туралы ақпаратты, кездесуге қатысушылар туралы, жобаның болжамды параметрлері мен әлеуетті инвестордың күтулері туралы және кездесу қорытындылары бойынша қол жеткізілген келісімдер туралы ақпаратты көрсете отырып, ҰЦИП жүйесінде кездесу карточкасын ресімдеу арқылы әлеуетті инвестормен барлық кездесулер туралы деректерді енгізу;

      5) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар басшыларының шетелдік іс-сапарларының қорытындылары бойынша елшілік қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде өткен инвестициялық іс-шаралар туралы ақпаратты енгізе отырып, ҰЦИП-ға сапар карточкасын толтырады;

      6) егер әлеуетті инвестор Қазақстанға сапарды жоспарлаған жағдайда, онда Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі сапардың болжамды күндерін, мақсаттарын көрсете отырып және алдын ала келісу бойынша тиісті мемлекеттік органдарды айқындай отырып, жоспарланған сапар туралы мәселені шешеді;

      7) әлеуетті инвестордың сапарын өткізудің орындылығы туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды. Оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әлеуетті инвестордың сапарының егжей-тегжейлі бағдарламасын әзірлейді және ҰЦИП арқылы қатысушылардың тізімін қалыптастырады.

      41. Әлеуетті инвестордың сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесі ҰЦИП жүйесінде сапар карточкасын толтырып, қол жеткізілген келісімдер туралы ақпарат енгізеді және 3 (үш) жұмыс күні ішінде бастаманы жергілікті атқарушы органға жібереді.

      42. Жергілікті атқарушы орган бастаманы алғаннан кейін әлеуетті инвесторды сүйемелдейтін жауапты қызметкерді тағайындайды. Жергілікті атқарушы органның жауапты қызметкері 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде келесі әрекеттердің бірін жүзеге асырады:

      1) жоба параметрлері, жобаның құны мен іске асыру мерзімдері бойынша алдын ала есептеулер, инвестордың қажеттіліктері және мемлекеттік қолдау шаралары туралы деректерді көрсете отырып, жобаның паспортын құру арқылы әлеуетті инвестициялық жобаны №2 модульге ауыстыруды бастайды;

      2) бастаманы пысықтау қажет болған жағдайда, әлеуетті инвестициялық жоба бойынша қосымша ақпарат алу үшін оның қолданысын 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартады, содан кейін осы тармақтың 1) немесе 3) тармақшасына өтеді;

      3) басқа жергілікті атқарушы органмен алдын ала уағдаластық бойынша және уәкілетті органның келісімі бойынша бастаманы басқа жергілікті атқарушы органға қайта жібереді.

      43. №1 модульде әлеуетті инвесторды сүйемелдеу процесі мүдделі тараптармен қосымша кездесулер ұйымдастыру, қажет болған жағдайда сапар нәтижелерін қолмен толтыру, сондай-ақ ҰЦИП жүйесінде қатысушылар арасында жедел байланыс орнату мүмкіндігін қарастырады.

2-параграф. ҰЦИП жүйесінде №2 модуль "Инвестициялық жобаны іске асыру" бөлімін толтыру және жүргізу тәртібі

      44. №2 модуль "Инвестициялық жобаны іске асыру" – бұл инвестициялық жобаларды іске асыру бөлімі, оған жобаны бастамашы органдардың сүйемелдеуі, жоба паспорты мен жол картасын жасау, инвестордың қызметті алуы үшін мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, "жасыл дәліз" жобаларын жүзеге асыру кіреді.

      45. Осы модуль аясында инвесторлармен өзара іс-қимылды жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдар, Ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері, Ұлттық палата, ұлттық басқарушы холдингтер, оның ішінде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ және Қор тобы, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялар ретіндегі жауапты бастамашы органдар жүзеге асырады.

      46. Бастапқы кезеңде жауапты бастамашы орган Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген инвестордан жоба паспортын толтыру үшін қажетті деректерді алады.

      47. Жоба паспортына келесі ақпарат енгізіледі:

      1) инвестор-компанияның атауы;

      2) компанияның БСН (бар болған жағдайда);

      3) қызмет саласы (сала);

      4) жобаның тауарлық позициясы;

      5) жобаны іске асыру өңірі;

      6) жобаның болжамды құны;

      7) қаржыландыру схемасы (қаражат көздері, шарттары мен көлемдері);

      8) инвестордың және жауапты тұлғаның байланыс деректері;

      9) жобаның қысқаша сипаттамасы, оның мақсаттары мен күтілетін нәтижелері;

      10) компанияның Қазақстан Республикасында тіркелген күні.

      48. Жобаның паспорты қалыптастырылған кезде, инвестициялық жобаны ҰЦИП-дағы инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулына автоматты түрде енгізіледі.

      Жоба паспортының деректері толтырылғаннан кейін бастамашы орган жауапты жергілікті атқарушы органды анықтайды, ол 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жобаның жол картасын қалыптастырады және келіседі. Жол картасы мыналарды қамтиды:

      1) инвестормен және барлық мүдделі тараптармен келісілген кезеңдерді орындау мерзімдері;

      2) әр кезеңдегі күтілетін нәтижелер (рұқсаттар, құрылыстың аяқталуы, өндірісті іске қосу);

      3) әр кезеңде көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары;

      4) ықтимал тәуекелдер және оларды азайту жолдары;

      5) әр кезеңнің орындалуына жауапты тұлғалар (инвестор, мемлекеттік органдар, мердігерлер).

      49. Жобаның жол картасы үш кезеңнен тұрады:

      1) инвестицияға дейінгі кезең: техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу, техникалық шарттарды алу, жер учаскесін алу, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, қаржыландыру;

      2) инвестициялық кезең: құрылыс-монтаж жұмыстары, мемлекеттік қолдау шараларын алу, іске қосу-жөндеу жұмыстары, пайдалануға беру;

      3) инвестициядан кейінгі кезең: жобалық қуатқа шығу немесе сериялы өндірісті іске қосу.

      50. Жергілікті атқарушы орган әзірленген жол картасын Ұлттық компанияға келісуге жібереді.

      51. Ұлттық компания жол картасын қабылдамаған жағдайда, ол жергілікті атқарушы органға қайта пысықтауға жіберіледі. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде ескертулерді жояды және жол картасын қайта келісуге жібереді.

      52. Ұлттық компания жол картасын оң келіскен жағдайда, жоба "жол картасынсыз" сатысынан "жол картасымен" сатысына өтеді.

      53. Бастамашы органдар жобаның жол картасы кезеңдерінің орындалуына тұрақты түрде сүйемелдеуді жүзеге асырады және ҰЦИП жүйесінде инвесторларға мемлекеттік және өзге де қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      54. Инвестициялық шартқа қосымша келісім жасау арқылы өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу уәкілетті орган жүзеге асырады.

      55. Инвестициядан кейінгі кезеңде жергілікті атқарушы орган ҰЦИП жүйесіндегі интерактивті-аналитикалық панель арқылы тиісті аймақтағы инвестициялық жобаларды сүйемелдейді. Бұл ретте келесі параметрлер қолданылады:

      Мерзімі өткен тапсырмалар – қызыл түспен белгіленеді.

      Орындалу мерзімі 10 күннен аз қалған тапсырмалар – сары түспен белгіленеді.

      Орындалу мерзімі 10 күннен асатын тапсырмалар – жасыл түспен белгіленеді.

      56. ҰЦИП жүйесінде жинақталған деректер негізінде кешіктірілген күндер санына негізделген жол картасы тапсырмаларының орындалу динамикасы бойынша өңірлердің рейтингі қалыптастырылалы. Бұл ретте:

      1-5 күнге кешіктірілген тапсырмаға 0,5 ұпай;

      5-15 күнге кешіктірілген тапсырмаға 1 ұпай;

      15 күннен артық кешіктірілген тапсырмаға 1,5 ұпай беріледі.

      Балдар саны бірдей болған жағдайда, жобалар саны ең көп аймаққа басымдық беріледі.

      57. Инвестордың сұрау салуы бойынша жол картасына өзгерістер енгізуді уәкілетті органмен келісім бойынша жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

      58. Инвестициялық жобаның мүдделі қатысушыларының №2 модульде файлдарды тіркеуге және өз құзыреті шегінде іске асырудың тиісті кезеңдері немесе сатылары үшін жобаның орындалу барысына түсініктеме беруге мүмкіндігі бар.

      59. Инвестициялық жобалардың іске асырылуын сүйемелдеуді ҰЦИП жүйесіндегі интерактивті-аналитикалық панель арқылы Инвестициялар тарту кеңесі жүзеге асырылады.

      60. Инвестициялық жоба жол картасының соңғы міндеті нақты аяқталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұлттық палата валидациялағаннан кейін №3 "Инвестициядан кейінгі сүйемелдеу" модуліне өтеді.

3-параграф. №3 модуль "Инвестициядан кейінгі сүйемелдеу" бөлімін толтыру және жүргізу

      61. Іске асырылған жобалардың инвестициядан кейінгі сүйемелдеу уәкілетті орган және Ұлттық компания инвестициялық келісімшарттың аяқталу мерзімі қолданылатын инвестициялық келісімшарттардың инвестициядан кейінгі сүйемелдеуін қоспағанда, Жоба №2 модульден №3 модульге ауысқаннан кейін үш жыл ішінде жүзеге асырылады.

      Осы кезеңде инвестор ҰЦИП жүйесінде уәкілетті органның қарауына проблемалық мәселелерді көтеруге және инвестициялық климатты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.

      62. Өзгерістерді басқару және жобаның аяқталуы уәкілетті орган жобаға және инвестициялық келісімшартқа енгізілетін барлық өзгерістердің есебін жүргізу (инвестициялар көлемдерінің, жоба шарттарының өзгеруі), инвестициялық жоба аяқталғанға дейін қорытынды талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      63. Инвестициядан кейінгі сүйемелдеудің аяқталуы инвестор инвестициялық жоба бойынша барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін орын алады.

      64. Жобаға қатысты барлық құжаттар (есептер, актілер, қорытындылар, аудиттік тексерулер) мұрағатталады және ҰЦИП жүйесінде сақталады. Жоба туралы ақпарат кейіннен талдау мақсатында және есептілікте пайдалану үшін ҰЦИП жүйесінде қалады.

5-тарау. Инвесторлардың инвестициялық қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар көрсететін мемлекеттік және басқа да қызметтер көрсету процесін ұйымдастыру, сондай-ақ инвестицияларды тарту үшін инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тәртібі

      65. Инвесторларды сүйемелдеу, сондай-ақ фронт-офистер субъектілері ұсынатын инвесторлар үшін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді уақтылы және сапалы ұсыну жөніндегі қызметті ұйымдастыруды орталық мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

      66. Уәкілетті орган қызметті бағалау және түйінді көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жүргізілетін жұмыс шеңберінде тоқсан сайынғы негізде Ұлттық компания және сыртқы деңгейдегі фронт-офис субъектілері ұсынатын ақпарат негізінде фронт-офис субъектілерінің жобаларды сүйемелдеу, сондай-ақ мемлекеттік және басқа да қызметтер көрсету процесін талдайды.

      67. Өңірлік деңгейдегі фронт-офис субъектілері атқарылған жұмыс туралы есептерді есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей Ұлттық компанияға жібереді. Есептер ҰЦИП арқылы да ұсынылуы мүмкін.

      Ұлттық компания өзінің өңірлік өкілдері мен өңірлік деңгейдегі фронт-офис субъектілерінен алынған деректер негізінде өңірлік және орталық деңгейдегі фронт-офис субъектілерінің қызметі туралы жиынтық тоқсандық есепті құрап, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей уәкілетті органға жібереді. Бұл есеп ҰЦИП арқылы да жіберіледі.

      68. Сыртқы деңгейдегі фронт-офис субъектілері атқарылған жұмыс туралы есепті есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей уәкілетті органға, соның ішінде ҰЦИП арқылы жібереді.

      69. Талдау нәтижелері ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ туындайтын жүйелі және жедел мәселелерді шешу бойынша тиісті шараларды уақтылы анықтау және қабылдау үшін пайдаланылады.

      70. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу кезеңінде осы Қағидаларға 2-қосымшада бекітілген ҰЦИП жүйесіндегі жобалардың орындалуын қадағалау жөніндегі іс-шараларының жоспары жүзеге асырылады.

  Инвесторлар үшін "бір терезені"
ұйымдастыру қағидалары,
сондай-ақ инвестициялар тарту
кезінде өзара іс-қимыл
жасау тәртібіне
1-Қосымша

"Жасыл дәлізге" енгізу үшін индикаторлардың ең төменгі шекті мәнін растау үшін инвестициялық жоба бойынша ұпайларды есептеу жүйесі

Инвестиция көлемі (25%)

Максималды ұпай— 3

10 млн. бастап 15 млн. дейін АҚШ долл.

1 ұпай

15 млн. бастап 30 млн. дейін АҚШ долл.

2 ұпай

30 млн. бастап және одан да көп АҚШ долл.

3 ұпай

"The Global 2000" тізімінде инвестордың болуы (30%)

Максималды ұпай - 2

тізімде жоқ

0 ұпай

тізімде болуы

2 ұпай

Жобаның жоғары технологиялығы (басым тауарлар тізбесіне сәйкестігі, "Басым тауарлар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 бұйрығы) (30%)

Максималды ұпай - 3

өндірістік емес жоба

0 ұпай

тізімде жоқ (өндірістік өнеркәсіп жобасы)

1 ұпай

орташа деңгей

2 ұпай

жоғары деңгей

3 ұпай

Жобаның әлеуметтік бағыттылығы (15%)

Максималды ұпай - 2

300-ге дейін жұмыс орнын құрылуы

0,5 ұпай

300-ден 500-ге дейін жұмыс орнын құрылуы

1 ұпай

500 және одан да көп жұмыс орнын құрылуы

2 ұпай

      *Тізімге енгізу үшін шекті мән барлық критерийлер бойынша орташа өлшенген мән негізінде есептеледі – 1.3 ұпай.

  Инвесторлар үшін "бір терезені"
ұйымдастыру қағидалары,
сондай-ақ инвестициялар тарту
кезінде өзара іс-қимыл
жасау тәртібіне
2-Қосымша

Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада (ҰЦИП) жобаларды сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы жалпы ережелері

      1. Жобаларды сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары инвестициялық жобалардың іске асырылуын тұрақты және жүйелі бақылауды қамтамасыз етуге арналған.

      2. Жобаларды сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары жобалардың жол карталарында көрсетілген тапсырмалардың орындалуын қадағалауға, олардың тиімділігін бағалауға және түзетуді талап ететін проблемалық аспектілерді анықтауға бағытталған іс-шараларды қамтиды.

      3. Жобаны сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары тоқсандық, жылдық және жоспардан тыс іс-шаралардан тұрады.

      4. Тоқсандық іс-шаралар мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) өткен тоқсандағы тапсырмалардың орындалу динамикасын бағалау, жоспарланған мерзімдерден ауытқу себептерін талдау, жол картасының тапсырмаларын орындау негізінде өңірлер рейтингісін жаңартуды;

      2) жобаларды іске асырудың тиімділігін талдау, табысқа жеткен тәжірибелер мен проблемалық өңірлерді анықтау, жобаларды сүйемелдеу процестерін жақсарту бойынша ұсыныстар;

      3) келесі тоқсандағы жобалардың ағымдағы жағдайын бағалау және жоспарларын түзету үшін барлық мүдделі тараптардың қатысуымен жиналыстар өткізуді.

      5. Жылдық іс-шаралар мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жыл бойынша қорытынды шығару, оның ішінде бір жылға арналған жол карталарының тапсырмаларын толық талдау жасау, өңірлердің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалауды;

      2) барлық жобаларды іске асырудың тиімділігін бағалау, жобаларды сүйемелдеу әдістемесін жетілдіру бойынша ұсыныстар;

      3) жылдық нәтижелерді талқылау және келесі жылға жоспарлау бойынша жобаларға қатысушылармен қорытынды жиналыс өткізуді.

      6. Жоспардан тыс іс-шаралар мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) үәкілетті органның сұранысы бойынша тапсырмалардың орындалуын қадағалау;

      2) жобаларды іске асыру барысында анықталған ауытқулар мен проблемаларға ден қою, оның ішінде уәкілетті органмен келісу бойынша жобалардың жол карталарына түзетулер енгізуді;

      3) проблемаларды жою және жобаларды іске асыру тиімділігін арттыру бойынша арнайы есептер мен ұсыныстар дайындауды.

      7. Осы жобалардың сүйемелдеу жөніндегііс-шаралар жоспары ҰЦИП шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру үшін өз құзыреті шегінде сыртқы, орталық және өңірлік деңгейдегі фронт-офистердің барлық субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.

      8. Жобаларды сүйемелдеу іс-шараларының жоспары жылына кемінде бір рет талдау нәтижелері мен анықталған қажеттіліктерді ескере отырып қайта қарауға және жаңартуға жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады