БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ақпараттық құралдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18117 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ақпараттық құралдар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсіп министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Ақпараттық құралдар тізбесі
Р/н № | Ақпараттық құралдың атауы | Ақпараттық құралдарды ұсынатын кәсіпкерлік субъектілері | Мемлекеттік органдар немесе ақпараттық құралдарды алатын өзге де тұлғалар | Ақпараттық құралды ұсыну мерзімділігі | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Қоршаған ортаны қорғау саласында | |||||
1. | Квоталау субъектілері үшін парниктік газдарды түгендеу туралы есеп | Квоталау субъектілері | Көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесінің операторы атынан "Жасыл даму" АҚ (Мемлекеттік көміртегі кадастры) | Жыл сайын (есепті кезеңнен кейінгі жылғы 15 сәуірге дейін) | |
2. | Әкімшілендіру субъектілері үшін парниктік газдарды түгендеу туралы есеп | Әкімшілендіру субъектілері | "Жасыл даму" АҚ атынан көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесінің операторы (Мемлекеттік көміртегі кадастры) | Жыл сайын (есепті кезеңнен кейінгі жылғы 15 сәуірге дейін) | |
3. | Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есеп | I және II санаттағы объектілердің операторлары | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган | Тоқсан сайын/жыл сайын | Мерзімді есеп беру кестесі: |
атмосфераға шығарындыларды мониторингтеу бойынша есеп, тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады; | |||||
суға төгінділерді мониторингтеу бойынша есеп, тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады; | |||||
қалдықтарды мониторингтеу бойынша есеп, тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады; | |||||
жердің ластану деңгейін мониторингтеу бойынша есеп тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде тапсырылады; | |||||
радиациялық мониторинг бойынша есеп, тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады; | |||||
санитариялық-қорғау аймағының шекарасындағы әсерді мониторингтеу (атмосфералық ауа, су ресурстары, топырақ жамылғысы) бойынша есеп тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады; | |||||
қалдықтарды орналастыру полигондарындағы газды мониторингтеу бойынша есеп тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейігі 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады. | |||||
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторинг шеңберінде кезеңдік есептерді ұсыну кестесі; | |||||
операциялық экологиялық мониторинг бойынша тоқсандық және жылдық есептер тоқсан аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады | |||||
эмиссияларды мониторингтеу бойынша тоқсандық және жылдық есептер есепті кезең аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады | |||||
әсерді мониторингтеу бойынша жылдық есептерді табиғатты пайдаланушы есепті кезең аяқталғаннан кейінгі 2 ай ішінде ұсынады | |||||
4. | Қауіпті қалдықтар паспорты | Объектілер операторлары | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган | Қалдықтар пайда болған кезден бастап 3 ай ішінде | |
5. | Қалдықтарды түгендеу туралы есеп | Объектілер операторлары | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган | Жыл сайын (есепті жылдан кейінгі жылғы 1 қаңтардан 1 наурызға дейін) | |
6. | Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық іс | Табиғатты пайдалану | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы және оның аумақтық бөлімшелері | Кадастрлық құжаттардың қалыптастырылуына қарай | Қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастрлық іс: |
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ЖАО-ның қалдықтарды жинауға және жоюға жер учаскесін бөлу туралы шешімі; | |||||
жер учаскесі орналасқан жер бойынша өздерінің құзыреті шеңберінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ЖАО, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері растаған, жер учаскесінің шекараларын белгілеу және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың берілгені туралы анықтаманы; | |||||
қалдықтарды орналастыру объектілерін құрудың технико-экономикалық негіздемесі; | |||||
қалдықтарды орналастыру объектілерін құруға мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындыларын қамтиды | |||||
7. | Қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарылуымен және төгілуімен байланысты авариялар туралы ақпарат | Объектілер операторлары | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган | Қоршаған ортада ластаушы заттар анықталған кезде бастап 2 сағат ішінде | |
8. | Өндірушілердің (импорттаушылардың) мынадай өз жүйесін пайдалану арқылы кеңейтілген міндеттемелерін орындауын растайтын құжаттар: | Қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жаратудың өзіндік жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) | Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы | Жартыжылдықта бір рет (есепті айдан кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей) | |
1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 690 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30485 болып тіркелген) Қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын растау ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтардың жиналғанын, тасымалданғанын, қайта пайдалануға дайындалғанын, сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта өңделгенін, залалсыздандырылғанын және (немесе) кәдеге жаратылғанын растайтын құжаттарын ұсыну туралы қағидалардың 3- тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұсынылатын түгендеу тізімдемесіндегі реттік нөмірге сілтеме жасай отырып, қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін меншікті техникасы мен жабдықтарының пайдаланудың сипаттамасы бар қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату бойынша қызметке арналған өндірушінің (импорттаушының) технологиялық регламенті. Технологиялық регламентте қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату процестері, сондай-ақ олардың нақты орналасқан жері (мекенжайы) көрсетіле отырып, оларды жүзеге асыру орындары жеке көрсетіледі; | |||||
2) "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 562 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес ресімделген өндірушінің (импорттаушының) меншікті техника мен жабдық бөлігіндегі негізгі құралдарының түгендеу тізімдемесі және (немесе) меншікті техника мен жабдық бөлігіндегі қорлардың түгендеу тізімдемесі; | |||||
3) қалдықтарды жинауды растайтын құжаттар: | |||||
4) қалдықтарды тасымалдауды растайтын құжаттар: | |||||
5) қалдықтарды қайта өңдеуді растайтын құжаттар: | |||||
6) өнімді (тауарды) өткізуді және (немесе) әкелуді растайтын құжаттар мен мәліметтер, атап айтқанда: | |||||
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында | |||||
9. | Асыл тұқымды жануарларды есепке алу ведомостары | Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер | Ауданның ЖАО-ның ауыл шаруашылығы бөлімі | Жыл сайын (есепті кезеңнен кейінгі жылғы 15 қаңтардан кешіктірмей) | Асыл тұқымды жануарларды есепке алу ведомостары: |
ірі қара малды есепке алу ведомостары; | |||||
асыл тұқымды қойларды есепке алу ведомосы; | |||||
асыл тұқымды қаракөл тұқымды қойларды есепке алу ведомосы; | |||||
асыл тұқымды ешкілерді есепке алу ведомосы; | |||||
асыл тұқымды шошқаларды есепке алу ведомосы; | |||||
асыл тұқымды жылқыларды есепке алу ведомосы; | |||||
асыл тұқымды түйелерді есепке алу ведомосы; | |||||
асыл тұқымды құстарды есепке алу ведомосы; | |||||
асыл тұқымды түйеқұстарды есепке алу ведомосы; | |||||
асыл тұқымды маралдарды есепке алу ведомосы; | |||||
асыл тұқымды теңбіл бұғыларды есепке алу ведомосы; | |||||
асыл тұқымды бал араларын есепке алу ведомосы; | |||||
асыл тұқымды ірі қара малдың мемлекеттік тіркелімі; | |||||
асыл тұқымды қойлардың мемлекеттік тіркелімі; | |||||
асыл тұқымды қаракөл тұқымды қойлардың мемлекеттік тіркелімі; | |||||
асыл тұқымды ешкілердің мемлекеттік тіркелімі; | |||||
асыл тұқымды шошқалардың мемлекеттік тіркелімі; | |||||
асыл тұқымды жылқылардың мемлекеттік тіркелімі; | |||||
Асыл тұқымды түйелердің мемлекеттік тіркелімі; | |||||
Асыл тұқымды құстардың мемлекеттік тіркелімі; | |||||
Асыл тұқымды түйеқұстардың мемлекеттік тіркелімі; | |||||
Асыл тұқымды маралдардың мемлекеттік тіркелімі; | |||||
Асыл тұқымды теңбіл бұғылардың мемлекеттік тіркелімі; | |||||
Асыл тұқымды бал аралардың мемлекеттік тіркелімі | |||||
10. | Республиканың асыл тұқымдық орталықтарындағы асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың саны туралы есеп | Асыл тұқымдық орталықтар | Асыл тұқымды жануарлар саласындағы уәкілетті орган | Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші күніне дейін | |
11. | Республиканың асыл тұқымдық орталықтарындағы асыл тұқымды тұқымдық жануарларды бағалау туралы есеп | Асыл тұқымдық орталықтар | Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган | Жыл сайын, күнтізбелік жылғы оныншы қаңтарға дейін | |
12. | Асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрық мөлшері туралы есеп | Асыл тұқымды жануарлардың ұрықтары мен эмбриондарын сату бойынша асыл тұқымдық орталықтар, дистрибьютерлік орталықтар | Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган | Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші күніне дейін | |
13. | Асыл тұқымды жануарлардың ірі қара мал тұқымдарының тізілімі | Республикалық палаталар | Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі оныншы қаңтарға дейін | |
14. | Асыл тұқымды жануарлардың қой тұқымдарының тізілімі | Республикалық палаталар | Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі оныншы қаңтарға дейін | |
15. | Асыл тұқымды жануарлардың қарақөл қой тұқымының тізілімі | Республикалық палаталар | Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі оныншы қаңтарға дейін | |
16. | Асыл тұқымды жануарлардың ешкі тұқымдарының тізілімі | Республикалық палаталар | Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі оныншы қаңтарға дейін | |
17. | Асыл тұқымды жануарлардың шошқа тұқымдарының тізілімі | Республикалық палаталар | Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі оныншы қаңтарға дейін | |
18. | Асыл тұқымды жануарлардың жылқы тұқымдарының тізілімі | Республикалық палаталар | Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі оныншы қаңтарға дейін | |
19. | Асыл тұқымды жануарлардың түйе тұқымдарының тізілімі | Республикалық палаталар | Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі оныншы қаңтарға дейін | |
20. | Асыл тұқымды құс тұқымдарының тізілімі | Республикалық палаталар | Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі оныншы қаңтарға дейін | |
21. | Асыл тұқымды түйеқұс тұқымдарының тізілімі | Республикалық палаталар | Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі оныншы қаңтарға дейін | |
Өсімдіктерді қорғау және карантин саласында | |||||
22. | Пестицидтердің, биоагенттердің өндірісі және (немесе) өткізілуі туралы есеп | Пестицидтерді, өндіруді (формуляциялауды), сатып алуды және өткізуді, биоагенттерді өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері | Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аудандық инспекциялары | Жылына екі рет (10 шілдеге дейін бір рет және 10 қаңтарға дейін бір рет) | |
23. | Пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есеп | Пестицидтерді, өндіруді (формуляциялауды), сатып алуды және өткізуді, биоагенттерді өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері | Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аудандық инспекциялары | Жылына екі рет (10 шілдеге дейін бір рет және 10 қаңтарға дейін бір рет) | |
24. | Пестицидтердің, биоагенттердің сақталуы туралы есеп | Пестицидтерді, өндіруді (формуляциялауды), сатып алуды және өткізуді, биоагенттерді өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері | Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аудандық инспекциялары | Жыл сайын (10 қаңтарға дейін) | |
25. | Химиялық өңдеулерді жүргізуі туралы есеп | Пестицидтерді, өндіруді (формуляциялауды), сатып алуды және өткізуді, биоагенттерді өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері | Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аудандық инспекциялары | Ай сайын (наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 10-күніне дейін) | |
26. | Тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп | Пестицидтерді, өндіруді (формуляциялауды), сатып алуды және өткізуді, биоагенттерді өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері | Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аудандық инспекциялары | Жыл сайын (10 қаңтарға дейін) | |
Жер қойнауын пайдалану саласында | |||||
27. | Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның жіктеуі бойынша қорлар бекітілген кезде өндірілген қатты пайдалы қазбалар туралы есеп | Жер қойнауын пайдаланушылар | Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері | Жыл сайын (есепті жылдан кейінгі жылғы 30 сәуірден кешіктірмей) | |
28. | Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералды ресурстар және минералды қорлар туралы қазақстандық жария есептілік кодексінің стандарты бойынша жасалған өндірілген қатты пайдалы қазбалар туралы есеп | Жер қойнауын пайдаланушылар | Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері | Жыл сайын (есепті жылдан кейінгі жылғы 30 сәуірден кешіктірмей) | |
29. | Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның жіктеуі бойынша бекітілген қорлар кезіндегі өндірілген қатты пайдалы қазбалар туралы есеп | Жер қойнауын пайдаланушылар | Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері | Жыл сайын (есепті жылдан кейінгі жылғы 30 сәуірден кешіктірмей) | |
30. | Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералды ресурстар және минералды қорлар туралы қазақстандық жария есептілік кодексінің стандарты бойынша жасалған өндірілген қатты пайдалы қазбалар туралы есеп | Жер қойнауын пайдаланушылар | Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері | Жыл сайын (есепті жылдан кейінгі жылғы 30 сәуірден кешіктірмей) | |
31. | Қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есеп | Жер қойнауын пайдаланушылар |
Қатты пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі | Жыл сайын (есепті жылдан кезеңнен кейінгі жылғы 30 сәуірден кешіктірмей) | |
32. | Қатты немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есеп | Жер қойнауын пайдаланушылар | Қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша құзыретті орган, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ЖАО | Жыл сайын (есепті жылдан кезеңнен кейінгі жылғы 30 сәуірден кешіктірмей) | |
33. | Қатты пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер және олардағы жергілікті қамту үлесі туралы есеп | Жер қойнауын пайдаланушылар | Қатты пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі құзыретті орган | Жыл сайын (есепті жылдан кезеңнен кейінгі жылғы 30 сәуірден кешіктірмей) | |
34. | Жер қойнауын пайдаланушыны қатты пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша тікелей немесе жанама бақылайтын тұлғалардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есеп | Жер қойнауын пайдаланушылар | Қатты пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі құзыретті орган | Жыл сайын (есепті жылдан кезеңнен кейінгі жылғы 30 сәуірден кешіктірмей) | |
35. | Лицензиялық/келісімшарттық талаптар мен жұмыс бағдарламасы (қатты немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру) міндеттемелерін орындау туралы есеп | Жер қойнауын пайдаланушылар | Қатты пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі құзыретті орган кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру бойынша жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға | Жыл сайын (есепті жылдан кезеңнен кейінгі жылғы 30 сәуірден кешіктірмей) | |
36. | Барлауға арналған үлгілік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау туралы есеп (пайдалы қатты қазбаларды, жер асты сулары және емдік балшықтар) | Жер қойнауын пайдаланушылар | Пайдалы қатты қазбалар, жер асты сулары және емдік балшықтар жөніндегі құзыретті орган | Жыл сайын (есепті кезеңнен кейінгі жылғы 30 сәуірден кешіктірмей) | |
37. | Жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша мерзімдік есеп | Жер қойнауын геологиялық зерделеуге арналған лицензиясы бар жер қойнауын пайдаланушылар | Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган | Жыл сайын (күнтізбелік жыл үшін есептер есепті жылдан кейінгі жылғы 30 сәуірден кешіктірмей) |
Толық емес күнтізбелік жыл үшін есептер нақты жер қойнауын пайдалану кезеңі үшін ұсынылады. |
38. | Жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша түпкілікті есеп | Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиясы бар жер қойнауын пайдаланушылар | Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган | Лицензияның қолданылуы тоқтатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей | |
Химиялық өнімнің және оның өмірлік циклі процестерінің қауіпсіздігі саласында | |||||
39. | Қазақстан Республикасының химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерінің және заңнамасының талаптарына сәйкес химиялық өнімнің және оның өмірлік циклы процестерінің анықталған сәйкессіздіктері туралы ақпарат | Өтініш беруші (өндіруші, жеткізуші, импорттаушы) | Химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеуді салалық бағыттылығына сәйкес жүзеге асыратын уәкілетті органдар | Химиялық өнімнің және оның өмірлік циклі процестерінің және техникалық регламенттердің сәйкессіздігін анықтау кезінде | |
40. | Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы ақпарат | Өтінім беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы) | Химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеуді салалық бағыттылығына сәйкес жүзеге асыратын уәкілетті органдар | Талап етуі бойынша | |
Темекі өнімдерінің айналымы саласында | |||||
41. | Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер | Темекі өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын тұлғалар | Қызмет объектісі орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органы | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 15- күнінен кешіктірмей) | |
42. | Темекі өнімдерінің қалдығы және (немесе) айналымы туралы декларация | Темекі өнімдерін өткізу (жіберу), оның ішінде импорт (бөлшек саудада өткізуді қоспағанда) бойынша операцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері | Қызмет объектісінің орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органы | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 15- күнінен кешіктірмей) | Темекі өнімдерін өндірушілер декларация тапсырмайды |
Мұнай өнімдерінің айналымы саласында | |||||
43. | Мұнайдың және мұнай өнімдерінің қозғалысы жөніндегі тәуліктік ақпарат | Мұнай өнімдерін өндірушілер | "Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы" АҚ | Күн сайын (Астана уақыты бойынша 04:00-ге дейін) | |
44. | Мұнай өнімдерін жөнелту жөніндегі тәуліктік ақпарат | Мұнай өнімдерін өндірушілер | "Отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" АҚ | Күн сайын (Астана уақыты бойынша 11:00-ге дейін) | |
45. | Мұнай өнімдерін өндіру бойынша ай сайынғы ақпарат | Мұнай өнімдерін өндірушілер | "Отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" АҚ | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін) | |
46. | Мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту жөніндегі ай сайынғы ақпарат | Мұнай өнімдерін өндірушілер | "Отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" АҚ | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін) | |
47. | Мұнай және мұнай өнімдерінің қозғалысы туралы ай сайынғы ақпарат | Мұнай өнімдерін өндірушілер | "Отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" АҚ | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін) | |
48. | Мұнай өнімдерін ішкі нарыққа және экспортқа тиеп-жөнелту жөніндегі ай сайынғы ақпарат | Мұнай өнімдерін өндірушілер | "Отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" АҚ | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін) | |
49. |
Өндіруші атауын көрсете отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін дизельдік отынды тиеп-жөнелту жөніндегі тәулік сайынғы | Мұнай өнімдерін өндірушілер | "Отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" АҚ | Күн сайын (сағат 13:00-ге дейін) | |
50. | Өндіруші атауын көрсете отырып, әлеуметтiк-өндiрiстiк объектілер және мекемелер үшiн мазутты жөнелту жөніндегі тәулік сайынғы ақпарат | Мұнай өнімдерін өндірушілер | "Отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" АҚ | Күн сайын (сағат 13:00-ге дейін) | |
51. | Әуежайларға авиациялық отынды тиеп-жөнелту туралы тәулік сайынғы ақпарат | Мұнай өнімдерін өндірушілер | "Отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" АҚ | Күн сайын (сағат 13:00-ге дейін) | |
52. | Мұнай өнімдерінің көтерме бағасы туралы апта сайынғы ақпарат | Мұнай өнімдерін өндірушілер | "Отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" АҚ | Күн сайын (сағат 13:00-ге дейін) | |
53. | Мұнай өнімдерінің импорты туралы ай сайынғы ақпарат | Мұнай өнімдерін өндірушілер | "Отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" АҚ | Күн сайын (сағат 13:00-ге дейін) | |
54. | Аудандар және қалалар бөлінісінде бөлшек сауда бағасы жөніндегі күн сайынғы мәліметтер | Мұнай өнімдерін өндірушілер | "Отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" АҚ | Күн сайын (сағат 13:00-ге дейін) | |
55. | Жанармай құю станциялары бөлінісінде бөлшек сауда бағасы туралы апта сайынғы мәлімет | Мұнай өнімдерін өндірушілер | "Отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" АҚ | Күн сайын (сағат 13:00-ге дейін) | |
56. | Мұнай өнімдерінің түсуі және сақтауда болуы туралы ай сайынғы ақпарат | Мұнай өнімдері базаларының иелері | "Отын-энергетикалық кешеннің жағдай-аналитикалық орталығы" АҚ | Ай сайын (есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін) | |
57. | "Мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі" мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларация | Мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) | Мемлекеттік кірістер органы | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей) | |
58. | "Мұнай өнімдері базаларынан (резервуарларынан) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы жеткізушінің және (немесе) бөлшек сауда арқылы өткізушінің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі" мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларация | Мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) | Мемлекеттік кірістер органы | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей) | |
59. | "Мұнай өнімдері базаларынан (резервуарларынан) мұнай өнімдерін көтерме саудада жеткізушінің және (немесе) бөлшек саудада өткізушінің құрылымдық бөлімшесінің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі" мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларация | Заңды тұлғаның (филиалдар және өкілдіктер) құрылымдық бөлімшелерін қоспағанда, мұнай өнімдері базаларынан (резервуарларынан) мұнай өнімдерін көтерме саудада және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар | Мемлекеттік кірістер органы | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей) | |
60. | "Автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушінің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі" мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларация | Автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) | Мемлекеттік кірістер органы | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей) | |
Биоотын өндірісі саласында | |||||
61. | Шикізат жөніндегі мәліметтер | Биоотын өндірушілер | Биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 20 күніне дейін) | |
62. | Биоотын өндірісі жөніндегі есеп | Биоотын өндірушілер | Биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 20 күніне дейін) | |
63. | Биоотын жеткізушісі туралы мәліметтер | Биоотын өндірушілер | Биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 20 күніне дейін) | |
64. | Есепке алу аспаптарының жұмысында ақаулар анықталғаны туралы хабарлама | Биоотын өндірушілер | Уәкілетті орган (оның аумақтық бөлімшесіне) | Ақау анықталған күні | |
65. | Биоотын қауіпсіздігі және оның сапасының көрсеткіштері туралы ақпарат | Биоотын өндірушілер | Биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган, үшінші тұлғалар | Сұрау салу бойынша | |
Газ және газбен жабдықтау саласында | |||||
66. | Тауарлық газды, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну үшін әкелінетін тауарлық газды өткізу туралы мәліметтер | Тауарлық газды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар | Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей) | |
67. | Тауарлық газды тасымалдау және сақтау көлемі туралы мәліметтер | Газ көлік, газ таратушы ұйымдар | Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор ("ҚазТрансГаз" АҚ) | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 5- күніне кешіктірмей) | |
68. | Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру жөніндегі мәліметтер |
Сұйытылған мұнай газын | Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 5- күнінен кешіктірмей) | |
69. | Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндірудің алдағы бес жылға арналған болжамды көлемі туралы ақпарат |
Сұйытылған мұнай газын | Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган | Жыл сайын (жоспарланған кезең басталғанға дейін кемінде 3 ай бұрын) | |
70. | Меншікті сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі туралы мәліметтер | Сұйытылған мұнай газын өндірушілер | Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 5- күніне кешіктірмей) | |
71. | Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде басқа тұлғаларға тиесілі көмірсутек шикізатынан сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі туралы мәліметтер | Сұйытылған мұнай газын өндірушілер | Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 5- күніне кешіктірмей) | |
72. | Жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу туралы мәліметтер | Сұйытылған мұнай газын өндірушілер | Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 5- күніне кешіктірмей) | |
73. | Жеткізу жоспарынан тыс сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жөніндегі мәліметтер | Сұйытылған мұнай газын өндірушілер | Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 5- күніне кешіктірмей) | |
74. | Жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу туралы мәліметтер | Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өздеріне тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері | Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 5- күнінен кешіктірмей) | |
75. | Сұйытылған мұнай газын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына тұтыну үшін әкелінген сұйытылған мұнай газын өткізу туралы мәліметтер | Сұйытылған мұнай газын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар | Аумақтарында осындай өткізу жүзеге асырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖАО | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 5- күніне кешіктірмей) | |
76. | Сұйытылған табиғи газды, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына тұтыну үшін әкелінген сұйытылған табиғи газды өткізу туралы мәліметтер | Сұйытылған табиғи газды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар | Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 5- күнінен кешіктірмей) | |
Атом энергиясын пайдалану саласында | |||||
77. | Уран өнімін алдағы уақытта Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өткізу (экспорт немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс өңдеу) туралы алдын ала хабарлама | Жеке немесе заңды тұлғалар | Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган | Қазақстан Республикасының аумағына болжалды өткізу күніне дейін 30 күннен кешіктірмей | |
78. | Уран өнімін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өткізу (экспорт немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс өңдеу) туралы хабарлама | Жеке немесе заңды тұлғалар | Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган | Іс жүзінде уран өнімін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өткізгеннен кейін (экспорт немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс өңдеу) 5 жұмыс күні ішінде | |
79. | Уран өнімін алдағы уақытта Қазақстан Республикасының аумағына өткізу (импорт немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағында өңдеу) туралы хабарлама | Жеке немесе заңды тұлғалар | Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган | Қазақстан Республикасының аумағына болжалды өткізу күніне дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей | |
80. | Уран өнімінің Қазақстан Республикасының аумағына өткізілуі (импорт немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағында қайта өңдеу) туралы хабарлама | Жеке немесе заңды тұлғалар | Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган | Іс жүзінде Қазақстан Республикасының аумағына өткізілгеннен кейін (импорт немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағында өңдеу) күнтізбелік 5 күн ішінде | |
81. | Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өткізілген уран өнімі туралы есеп | Жеке немесе заңды тұлғалар | Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган | Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10- күнінен кешіктірмей | |
82. | Қазақстан Республикасының аумағына өткізілген (алынған) уран өнімі туралы есеп | Жеке немесе заңды тұлғалар | Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган | Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10- күнінен кешіктірмей | |
83. | Ядролық материалдардың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс болжамды өткізілуі (экспорты) туралы алдын ала хабарлама | Жеке немесе заңды тұлғалар | Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган | Қазақстан Республикасының аумағынан тыс болжамды өткізу (экспорты) күніне дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей | |
84. | Ядролық материалдардың Қазақстан Республикасының аумағына болжамды өткізілуі (импорты) туралы алдын ала хабарлама | Жеке немесе заңды тұлғалар | Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган | Қазақстан Республикасының аумағынан тыс болжамды өткізілуі (экспорты) күніне дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей | |
85. | Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ядролық материалдардың болжамды өткізілуі (материалдардың теңгерім аймағынан әкету) туралы алдын ала хабарлама | Жеке немесе заңды тұлғалар | Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган | Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ядролық материалдың болжамды өткізілуі (материалдардың теңгерім аймағынан әкету) күніне дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей | |
86. | Ядролық материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша болжамды өткізілуі (материалдардың теңгерім аймағына алу) туралы алдын ала хабарлама | Жеке немесе заңды тұлғалар | Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган | Ядролық материалдың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша болжамды өткізілуі (материалдардың теңгерім аймағынан алу) күніне дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей | |
87. | Ядролық материалдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өткізу (экспорт) туралы хабарлама | Жеке немесе заңды тұлғалар | Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган | Іс жүзінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өткізгеннен (экспорттан) кейін күнтізбелік 5 күн ішінде | |
88. | Ядролық материалдарды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу (материалдардың теңгерім аймағынан әкету) туралы хабарлама | Жеке немесе заңды тұлғалар | Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган | Іс жүзінде Қазақстан Республикасының аумағында ядролық материалды өткізуден (материалдарды теңгерім аумағынан әкетуден) кейін күнтізбелік 5 күн ішінде | |
89. | Ядролық материалдардың Қазақстан Республикасының аумағына өткізу (импорты) туралы хабарлама | Жеке немесе заңды тұлғалар | Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган | Іс жүзінде ядролық материалдың Қазақстан Республикасының аумағына орын ауыстыруынан (импортынан) кейін күнтізбелік 5 күн ішінде | |
90. | Ядролық материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу (материалдардың теңгерім аймағына алу) туралы хабарлама | Жеке немесе заңды тұлғалар | Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган | Іс жүзінде ядролық материалдың Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыруынан кейін күнтізбелік 5 күн ішінде (материалдардың теңгерім аймағына алу) | |
91. | Ядролық материалдардың түгендеу санының өзгеруі туралы есеп | Жеке немесе заңды тұлғалар | Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган | Есеп ұсынылатын ай аяқталған соң күнтізбелік 10 күн ішінде айына бір рет | |
92. | Ядролық материалдың нақты қолда бар санының тізімі және материалдық-теңгерімдік есеп | Жеке немесе заңды тұлғалар | Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган | Физикалық түгендеу жүргізуден кейін күнтізбелік 10 күн ішінде | |
93. | ЯРЭҚ ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздіктің жай-күйін тексеру актісі | Жеке және заңды тұлғалар | Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган | Есепті жылдан кейінгі 1 ақпаннан кешіктірмей | |
94. | Қауіпсіздік жағдайы туралы апта сайынғы хабарлама | Заңды тұлғалар | Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган | Апта сайын | |
Энергетика саласында | |||||
95. | Электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың нақты тәуліктік көлемдері туралы ақпарат | Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар | Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы | Ай сайын (жеткізу айынан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей) | |
96. | Электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың алдағы бір жылға арналған, айларға бөлінген болжамды көлемі туралы ақпарат | Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар | Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы | Жыл сайын (20 - желтоқсанға қарай) | |
97. | Электр энергиясын жеткізудің тәуліктік және айлық кестелері туралы ақпарат | Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар | Өңірлік электр желілік компанияға және (немесе) жүйелік операторға | Ай басталғанға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын | |
98. | Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру үшін қажет ақпарат және электр станциялары жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштері жөнінде нақты ақпарат (өндіру, шиналардан босату, өз мұқтаждары, шиналардан электр энергиясын босатуға үлестік шығыстар) | Электр энергиясын өндіруге және беруге қатысушылар | Жүйелік операторға | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 1- күніне дейін) | |
99. | Энергетикалық жабдықты пайдаланумен байланысты, сондай-ақ орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалар туралы ақпарат | Электр энергиясын өндіруге және беруге қатысушылар, жылумен жабдықтау субъектілері | Жүйелік операторға мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган немесе ЖАО (құзыреті бойынша) | Технологиялық бұзушылық туындаған кезден бастап 15 минут ішінде | |
100. | Электр энергиясын өндіруге және өткізуге жұмсалатын шығындар бойынша, өткен күнтізбелік жылы электр энергиясын өндіру және өткізу көлемдері бойынша есептер | Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымдар | Электр энергиясы саласындағы уәкілетті орган | Жыл сайын (31 наурыздан кешіктірмей) | |
101. | Технологиялық бұзушылықтар туралы есеп беру | Электр энергиясын өндіру және тасымалдауға қатысушылар, жылумен жабдықтау субъектілері | Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган немесе ЖАО (құзыреті бойынша) |
Ай сайын | |
102. | Технологиялық бұзушылықтар туралы жазбаша жедел хабарлама | Электр энергиясын өндіруге және тасымалдауға қатысушылар, жылумен жабдықтау субъектілері | Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган немесе ЖАО (құзыреті бойынша) | 1 сағат ішінде (технологиялық бұзушылық туындаған және өндірістегі жазатайым оқиғалар орын алған кезден бастап) | |
103. | Өз желілерінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілер жеткізетін электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер | Желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілер қосылған энергия жеткізуші ұйымдар | Жаңартылатын энергия көздерін қолдау бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы | Ай сайын | |
Ветеринария саласында | |||||
104. | Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын объектілердегі жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы туралы есеп | Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар | Ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ЖАО-ның бөлімшелері | Ай сайын (есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей) | |
105. | Ішкі сауда объектілеріндегі (базарлардағы) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы туралы есеп | Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар | Ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ЖАО-ның бөлімшелері | Ай сайын (есепті айдан кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей) | |
106. | Мемлекеттік тапсырыс бойынша алынатын биологиялық препараттардың болуы және жұмсалуы туралы есеп | Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар | Ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ЖАО-ның бөлімшелері | Ай сайын (есепті айдан кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей) | |
107. | Заңды тұлғалардың ветеринариялық биопрепараттарды өндіруі туралы есеп | Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар | Ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ЖАО-ның бөлімшелері бөлімшелері | Ай сайын (есепті айдан кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей) | |
108. | Ветеринариялық препараттардың қолданылуы, жемшөп пен жемшөп қоспаларының пайдаланылуы туралы есеп | Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар | Ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ЖАО-ның бөлімшелері | Ай сайын (есепті айдан кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей) | |
109. | Жануарлардың қырылуы, бiрнеше жануардың бiр мезгiлде ауыруы туралы немесе олардың әдеттен тыс мiнез көрсетуі жағдайлары туралы хабарлау және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қабылдау | Жеке және заңды тұлғалар | ЖАО-ның ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері, ЖАО құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына | Жануардың өлгені анықталған сәттен бастап бір тәуліктен аспайтын мерзімде | |
110. | Жаңадан сатып алынған жануарларды (жануарларды), алынған төлдерді, оны (оларды) сою және өткізу туралы хабарлама | Жеке және заңды тұлғалар | Ветеринария саласындағы қызметін жүзеге асыратын ЖАО-ның бөлімшелері, ЖАО құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдары | Межелі жерге келгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде | |
111. | Жануарлардың аурулары туралы есеп | Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар | Ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ЖАО-ның бөлімшелері | Ай сайын (есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей) | |
Міндетті медициналық сақтандыру саласында | |||||
112. | Есептелген (ұстап қалған) және аударылған аударымдар және (немесе) жарналар туралы мәліметтер | Жұмыс берушілер | Жұмыскерлер | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 15- күнінен кешіктірмей) | |
113. | Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жұмыскерлер мен жеке тұлғалардың ай сайынғы жүргізілген аударымдары, сондай-ақ ұсталып қалған және аударылған жарналары туралы ақпарат | Жұмыс берушілер | Жұмыскерлер | Ай сайын | |
Алкоголь өнімдерінің айналымы саласында | |||||
114. | Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларацияны | Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруді және олардың айналымын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар | Мемлекеттік кірістер органдары | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей) | |
Этил спирті мен алкогольдік сусындар өндірісінде | |||||
115. | Этил спирті мен (немесе) шарап материалының өндірісі және айналымы жөніндегі декларация | Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруді және олардың айналымын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар | Мемлекеттік кірістер органдары | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей) | |
116. | Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымы жөніндегі декларация | Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруді және олардың айналымын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар | Мемлекеттік кірістер органы | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей) | |
Медициналық көмек көрсету саласында | |||||
117. | Инфекциялық аурулар, уланулар, айналадағыларға қауіп төндіретін психикалық және мінез-құлықтың бұзылу (аурулар) жағдайлары туралы ақпарат | Денсаулық сақтау субъектілері | Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган | Көрсетілген жағдайлар туындаған жағдайда | |
118. | Төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларының пайда болу қауіпі және (немесе) пайда болуы туралы ақпарат | Денсаулық сақтау субъектілері | Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган | Көрсетілген жағдайлар туындаған жағдайда | |
119. | Жаңа алған жарақаттар, жаралар, криминалдық түсіктер бойынша жүгінген адамдар туралы, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар жағдайлары туралы мәліметтер | Денсаулық сақтау субъектілері | Ішкі істер органдары | Көрсетілген мән-жайлар туындаған жағдайда | |
Ерекше қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу саласында | |||||
120. | Микроскопиялық зерттеулердің алдын ала оң нәтижесін алу туралы ақпарат | Ветеринариялық зертхана | Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы | Факт бойынша | |
Денсаулық сақтау саласында | |||||
121. | Темекі мен темекі бұйымдарының барлық маркаларында, темекі бұйымдарының ингредиенттерінде никотин мен шайырлы заттардың барынша рұқсат етілген шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептер | Темекі бұйымдарын өндіруші, импорттаушы | Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган | Жыл сайын (1 ақпанға дейін) | Алдыңғы он екі айда Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған немесе шығаруға жоспарланған, сатылған немесе өзге де жолмен таратылғандарға |
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында | |||||
122. | Жіті немесе созылмалы кәсіптік ауру немесе улану туралы, оның ішінде жіті кәсіптік ауруға немесе улануға диагнозды нақтылау немесе жою жағдайында шұғыл хабарлама | Медициналық ұйым | Жұмыс мекен-жайы бойынша соңғы жұмыс орнынан аурудың зиянды өндірістік факторлары бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы ведомствоның уәкілетті органының аумақтық бөлімшелері | Жұмыскер бір тәулік ішінде жіті кәсіптік аурумен ауырған немесе уланған жағдайда, ал созылмалы кәсіптік аурумен ауыру немесе улану жағдайында - күнтізбелік 3 күн ішінде | |
123. | Кәсіптік ауру туралы хабарлама | Кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы | Санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы уәкілетті органының аумақтық бөлімшелері және медициналық ұйымдар | 3 жұмыс күнінен кешіктірмей | |
124. | Кәсіптік аурудың немесе уланудың диагнозы өзгерген немесе жойылған кезде жаңа шұғыл хабарлама | Кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы | Жұмыс мекен-жайы бойынша соңғы жұмыс орнынан аурудың зиянды өндірістік факторлары бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы ведомствоның уәкілетті органының аумақтық бөлімшелері | Жіті кәсіптік аурумен ауырған немесе уланған жағдайда 24 сағат ішінде, ал созылмалы кәсіптік ауру диагнозында - 7 жұмыс күні ішінде | |
125. | Халықты флюорографиялық зерттеп қарау жоспарын орындау туралы есеп | Медициналық ұйымдар | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері | Ай сайын | |
126. | Maнту сынамасын қою жоспарының орындалуы туралы есеп | Медициналық ұйымдар | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері | Ай сайын | |
127. | Жаңадан анықталған белсенді туберкулезбен ауыратын науқасты хабардар ету | Туберкулезге қарсы ұйымдар | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері | Ай сайын | |
128. | ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), сондай-ақ олардан болатын өлім-жітім туралы мәліметтер | Медициналық ұйымдар | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері | Келесі жылғы 1 қыркүйектен н 30 сәуіріне дейін | |
129. | 0-4, 5-14, 15-29, 30-64, 65 және одан жоғары жас ерекшелік топтары және науқастарды зертханалық тексеру бойынша тұрғындардың ЖРВИ және ТТА себебі бойынша жүгінуі жөніндегі деректер туралы ақпарат | Медициналық ұйымдар | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері | Апта сайын | |
130. | Ауруға шалдығу, профилактикалық медициналық қарап-тексеру, оқушыларды және тәрбиеленушілерді денсаулық жағдайы (денсаулық топтары), физикалық даму топтары, диспансерлік бақылау және жүргізілген сауықтыру бойынша бөлу жөніндегі ақпарат | Балаларды сауықтыру, тәрбиелеу және оқыту объектілерінің медицина қызметкерлері мен әкімшілігі | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органың аумақтық бөлімшелері | Жыл сайын (сұрату бойынша) | |
131. | Профилактикалық екпелермен қамту туралы есеп | Балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге профилактикалық екпелерді жүргізетін медициналық ұйымдар | Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері | Ай сайын | |
132. | Жұқпалы және паразиттік аурулар, уланулар туралы шұғыл хабарлау | Медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері | 12 сағат ішінде | |
133. | Оқшауланған жануарларды бақылау нәтижелері туралы ақпарат | Ветеринар дәрігерлер | Зардап шеккен адамның тұрғылықты жері бойынша зардап шеккен адамға екпе жасайтын ұйымдар және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі, ЖАО-ның ветеринария бөлімшесі, ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі | Бақылау аяқталғаннан кейін күнтізбелік 2 күннен кешіктірмей | |
134. | Құтыру вирусын жұқтыру тәуекеліне ұшырағандар туралы ақпарат | Медициналық ұйымдар | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері және ЖАО-ның ветеринариялық бөлімшесі | Дереу | |
135. | Ұйымдастырылған балалар ұжымдарының жөнелтілу, келу теміржол станцияларында және жүру жолдарында анықталған науқастар туралы ақпарат | Поезд бастығы | Вокзалдың медициналық пункті және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі | Факт бойынша | |
136. | Түсіру кезінде зақымданған тараның, шашылған немесе төгілген жүктің, қауіпті зат иісінің болуы анықталғаны туралы ақпарат | Жүк қабылдаушылар | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері | Факт бойынша | |
137. | Қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде авариялық жағдайдың туындауы туралы ақпарат | Жүк тасымалдаушылар | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері | Факт бойынша | |
138. | Келісілген жұмыс жүргізу орнынан тыс жұмыс жүргізу үшін ИСК шығару туралы ақпарат | ИСК пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері | Факт бойынша | ИСК - Иондаушы сәулелену көздері |
139. | ИСК мен радиоактивті қалдықтардың ұрлануын немесе жоғалуын анықтау туралы ақпарат | ИСК пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері | Факт бойынша | |
140. | ИСК-мен жұмысты тоқтату туралы ақпарат | ИСК пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері | Факт бойынша | |
141. | Радиоактивті қалдықтар партиясы паспорттарының көшірмесі | ИСК пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері | Факт бойынша | |
142. | Персоналдың сәулеленуінің жеке дозалары деректері | ИСК пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері | Жылына бір рет | № 1-ДОЗА және № 2-ДОЗА нысаны бойынша ресімделеді |
143. | Металл сынықтарының радиоактивті ластануының анықталуы туралы ақпарат | Осы қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері | Факт бойынша | |
144. | Жұмыскерлердің гигиеналық нормативтерде белгіленген (жылына 5 мЗв) сәулеленуі артуының анықталуы туралы ақпарат | ИСК пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері | Факт бойынша | |
145. | Сәулелену көздерін бір жеке немесе заңды тұлғадан басқа жеке немесе заңды тұлғаға беру | ИСК пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері | Факт бойынша | |
146. | Бақылау деңгейлерінен асатын дозалардың және халықтың сәулеленуінің дозаларының немесе квоталарының белгіленген шектерінің тіркелу жағдайлары туралы ақпарат | ИСК пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері | Факт бойынша | |
147. | Эпидемиялық мәні бар объектілерді өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат | Жеке және заңды тұлғалар (өндірістік объектілердің иелері) | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері | Жарты жылда 1 рет (келесі айдың 5-күніне қарай нысан бойынша) | |
148. | Иммунизациядан кейінгі жағымсыз оқиғалар туралы хабарлау | Медицина қызметкерлері | Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы ведомствоның уәкілетті органының аумақтық бөлімшелері | Міндетті және жедел байланыс | |
149. | Орындалған аудит туралы ақпарат | Аудиторлық ұйымдар | Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы ведомствоның уәкілетті органының аумақтық бөлімшелері | Жыл сайын есепті жылдан кейін қаңтардың онына қарай | |
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында | |||||
150. | Жарақаттар мен оқиғалар туралы ақпарат | Қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдар және (немесе) олармен жұмыс істейтін ұйымдар | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі | Факт бойынша | |
151. | Орын алған авария туралы ақпарат | Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануды жүзеге асыратын ұйым | Кәсіби апаттық-құтқару қызметтері және объектіге қызмет көрсететін құрылымдар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі, ЖАО | Дереу | |
152. | Қауіпті өндірістік факторлардың пайда болуы туралы ақпарат | Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым | Есепті төтенше жағдай аймағына және жұмыскерлеріне жататын халық | Дереу | |
153. | Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру бойынша ақпарат беру нысаны | Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі | Қауіпті өндірістік объектілерді анықтағаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде | |
Көлік саласында | |||||
154. | Ресімделген және (немесе) брондалған билеттер туралы, сондай-ақ нақты уақыт режимінде автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорлар арқылы мәліметтер | Теміржол көлігіндегі тасымалдаушылар | Көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және (немесе) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар |
1) 5 сағат 00 минуттан 6 сағат 00 минутқа дейін (алғашқы түсіру 22 сағат 01 минуттан 5 сағат 00 минутқа дейін); | |
Әуе көлігіндегі тасымалдаушылар | Көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және (немесе) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар |
1) белгілі бір рейске тіркелу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде | |||
Теңіз көлігіндегі тасымалдаушылар | Көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және (немесе) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар | Тасымалдаушылар теңіз жолаушылары көлік құралдарының болу және кему кестесіне байланысты тәулігіне 4 ретке дейін мерзімді түрде ұсынады | Қазіргі уақытта теңіз көлігінде жолаушылар тасымалы жолаушылар кемелерінің болмауына байланысты жүзеге асырылмайтынын атап өткен жөн | ||
Бұқаралық ақпарат құралдары саласында | |||||
155. | Бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық нысандағы мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін көшірмелері | Бұқаралық ақпарат құралдарының иесі | Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган, Ұлттық кітапханалар, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы | Мерзімді баспа басылымдарының міндетті тегін даналарын шығарған күні олар қағаз жеткізгіште шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, электрондық нысанда шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде | |
156. | Меншiк иесiнiң немесе соттың шешiмi бойынша бұқаралық ақпарат құралының шығарылымын, бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн таратуды тоқтата тұру, тоқтату туралы хабарлама | Бұқаралық ақпарат құралдарының иесі | Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган | Факт бойынша | |
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында | |||||
157. | Тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысының барысы мониторингінің нәтижелері туралы есеп | Техникалық қадағалау функциясын жүзеге асыратын инжинирингтік қызметтер көрсетуге шарттар жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары | Кепілдік беру қоры, екінші деңгейдегі банк немесе ЖАО (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарай) | Ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін) | |
Магистральдық құбыр құрылысы саласында | |||||
158. | Ведомстволық статистикалық бақылау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті мұнай тасымалдау деректері | Магистральдық құбырдың иесі немесе магистральдық құбырды иеленетін тұлға | Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган/ ведомстволық бағынысты ұйым (көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы және бірыңғай дерекқорды жүргізетін заңды тұлға) | Ай сайын | |
159. | Құбырды пайдаланудан шығару немесе жұмыс режимін өзгерту қажет болған жағдайдағы хабарлама | Байланысқан құбыр желісінің меншік иесі | Магистралдық құбыр желісінің меншік иесі | Факт бойынша | |
160. | Ведомстволық статистикалық бақылау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті мұнай тасымалдау деректері | Магистральдық құбырдың иесі немесе магистральдық құбырды иеленетін тұлға | Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган/ ведомстволық бағыныстыы ұйым (көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы және бірыңғай дерекқорды жүргізетін заңды тұлға | Күн сайын | |
161. | Ведомстволық статистикалық бақылау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті мұнай тасымалдау деректері | Магистральдық құбырдың иесі не магистральдық құбырды иеленетін тұлға | Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган/ ведомстволық бағыныстыы ұйым (көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы және бірыңғай дерекқорды жүргізетін заңды тұлға) | Жыл сайын | |
Азаматтық авиация саласында | |||||
162. | Ұшқышсыз ұшу аппараттарының жоспарланған ұшулары туралы ақпарат | Ұшқышсыз ұшу аппараттарының пайдаланушылары | Әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына | Ұшудың есепті уақытынан кемінде 60 минут бұрын және жөнелтілудің есепті уақытынан 120 сағат бұрын | |
Халықты жұмыспен қамту саласында | |||||
163. | Бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде еңбек шарттары мен еңбекақыны көрсете отырып, олардың болуы туралы мәліметтер | Жұмыс беруші | Халықты жұмыспен қамту орталығы | Бос жұмыс орындары пайда болған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде | Жазбаша немесе "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы |
164. | Өзінше жұмысқа орналасу және (немесе) еңбек қатынастарын тоқтату үшін біліктіліктің сәйкестігі туралы анықтаманың негізінде жұмысқа тартылатын шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау туралы мәліметтер | Жұмыс беруші | Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган | Ай сайын | |
165. | Еңбек делдалдығына жүгінген және кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде жұмысқа орналастырылған адамдар саны туралы ақпарат | Жекеше жұмыспен қамту агенттігі | Халықты жұмыспен қамту орталығы | Тоқсан сайын | Жазбаша немесе "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы |
166. |
Мыналар туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат: корпоративішілік ауысу шеңберінде шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар тартылатын елдер мен ұйымдар; | Жұмыс берушілер | Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган | Олар Қазақстан Республикасының аумағына кіргеннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде | |
167. | Жұмысқа қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама | Жұмыс беруші | Ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту орталықтары | Жұмысқа орналастыру үшін жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде |
Жазбаша немесе "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы. |
Халықтың көші-қоны саласында | |||||
168. | Көшіп келушілер туралы ақпарат | Қабылдайтын тұлғалар | Ішкі істер органдары | Көшіп келушілердің келген күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде | |
Бәсекелестікті қорғау саласында | |||||
169. |
Жасалған мәміле (экономикалық шоғырлану) туралы хабарлама: | Мәміле жасасқан нарық субъектілері | Монополияға қарсы орган | Мәміле жасалған күннен кейін күнтізбелік 45 күннен кешіктірмей | |
Табиғи монополиялар саласында | |||||
170. | Бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы электрондық нысанда басқа мемлекеттік органға немесе ЖАО-ға есептер – бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы электрондық нысанда есеп | Табиғи монополия субъектісі | Уәкілетті органның ведомствосы немесе табиғи монополиялар саласындағы аумақтық уәкілетті орган | Жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылғы 1 мамырдан кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады | |
171. | Табиғи монополия субъектiсiнiң резервi, бос және қолда бар қуаттарының, қуаттарының, орналасқан жерiнiң және желiнiң өткiзу мүмкiндiгiнiң болуы туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді және "Табиғи монополиялар туралы" Заңның 5-бабының 1-тармағының 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, желілерді немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын өзге де мүлікті орналастыру схемалары. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын басқа да құпияларға жататын мәліметтерді қоспағанда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат (фото, бейнежазбаларды қоса бере отырып, объектілердің орналасқан жері, орындау кезеңдері, инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалу мерзімі мен құны) | Табиғи монополия субъектісі | Уәкілетті органның ведомствосы немесе табиғи монополиялар саласындағы аумақтық уәкілетті орган | Тоқсан сайын | |
172. | Тұтынушыларды "Табиғи монополиялар туралы" Заңда белгіленген мерзімдерде тариф және оның өзгерістері туралы хабардар ету | Табиғи монополия субъектісі | Уәкілетті органның ведомствосы немесе табиғи монополиялар саласындағы аумақтық уәкілетті орган | Тариф күшіне енгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей | |
173. | Есепті жыл ішінде нақты қол жеткізілген кірістер мен шығыстар, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы, табиғи монополиялар субъектілерінің қызмет нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептер | Тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін пайдалана отырып, тарифті бекіту кезінде табиғи монополия субъектісі | Уәкілетті органның ведомствосы немесе табиғи монополиялар саласындағы аумақтық уәкілетті орган | Жыл сайын есепті кезеңнің 1 мамырынан кешіктірмей | |
174. | Тарифтік сметаның орындалуы туралы есеп | Табиғи монополия субъектісі | Уәкілетті органның ведомствосы немесе табиғи монополиялар саласындағы аумақтық уәкілетті орган | Жыл сайын (есепті кезеңнен кейінгі жылғы 1 мамырдан кешіктірмей) | |
Қоғамдық маңызы бар нарықтар саласы | |||||
175. | Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік | Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі | Уәкілетті органның ведомствосы немесе табиғи монополиялар саласындағы аумақтық уәкілетті орган | Тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей | |
176. | Растайтын материалдарды қоса бере отырып, шекті бағада ескерілген электр энергиясын, тауарлық газды сатып алу және (немесе) беру бойынша қаражатты пайдалану туралы жартыжылдық ақпарат | Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі | Уәкілетті органның ведомствосы немесе табиғи монополиялар саласындағы аумақтық уәкілетті орган | Кәсіпкерлік кодексінің 124-5-бабы 1-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік маңызы бар нарық субъектілерін қоспағанда, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей | |
177. | Баға деңгейін растайтын негіздеуші материалдар қоса берілген сату бағалары туралы ақпарат | Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі | Уәкілетті органның ведомствосы немесе табиғи монополиялар саласындағы аумақтық уәкілетті орган | Бағаны мемлекеттік реттеу енгізілген күннен бастап не тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) басталған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сату бағасының алдағы көтерілуіне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей. | |
178. | Сату бағалары, қоғамдық тыңдаулардың нәтижелері және қаржылық есеп туралы ақпарат | Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі | Уәкілетті органның ведомствосы немесе табиғи монополиялар саласындағы аумақтық уәкілетті орган | Қажеттілігіне қарай | |
Міндетті сақтандыру саласында | |||||
179. | Пайдасына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімі | Төлеуші | Мемлекеттік кірістердің уәкілетті органы | Қажеттілігіне қарай | |
Зейнетақымен қамтамасыз ету саласында | |||||
180. | Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдері | Агент | Мемлекеттік кірістер жөніндегі уәкілетті орган | Қажеттілігіне қарай | |
Оңалту және банкроттық саласында | |||||
181. | Оңалту рәсімінің барысы туралы ағымдағы ақпарат | Оңалту саласындағы оңалту басқарушысы | Мемлекеттік кірістердің аумақтық органы | Есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей | |
182. | Банкроттық рәсімінің барысы туралы ағымдағы ақпарат | Банкроттық саласындағы банкроттық басқарушы | Мемлекеттік кірістердің аумақтық органы | Есепті кезеңнен кейінгі айдың 5- күнінен кешіктірмей | Оңалту рәсімін жүргізу кезінде. |
Құпия болып табылатын ақпаратты қоспағанда | |||||
Заңды тұлғаларды тіркеу саласында | |||||
183. | Жеке кәсіпкерлік субъектісіне, филиалға (өкілдікке) жататын заңды тұлғаның орналасқан жерінің өзгеруі туралы хабарлама | Заңды тұлғалар, филиал (өкілдік) | Заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі уәкілетті орган | Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда | |
Еңбек қатынастары саласында | |||||
184. | Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы ақпарат | Жұмыс беруші | Жәбірленушінің жақын туыстары және мүдделі мемлекеттік органдар: еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері, қауіпті өндірістік объектілерде орын алған жазатайым оқиғалар кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі, кәсіби ауыру немесе улану туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі, жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттемелерін орындау кезінде жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарты жасалған сақтандыру ұйымы, жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органы, арнайы тергеуге жататын жағдайларда өндірістік және ведомстволық бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдар | Дереу | |
Трансферттік баға белгілеу саласында | |||||
185. | Жергілікті есептілік | Мәмілеге қатысушылар | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті | Жыл сайын (есептік қаржы жылынан кейінгі 12 айдан кешіктірмей) | |
186. | Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік | Мәмілеге қатысушылар | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті | Жыл сайын (есептік жылдан кейінгі жылғы 15 мамырдан кешіктірмей) | |
187. | Еларалық есеп беру | Халықаралық топ мүшелері | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті | Жыл сайын (есептік қаржы жылынан кейінгі 12 айдан кешіктірмей) | |
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында | |||||
188. | Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттар туралы есеп | Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша аккредиттелген ұйымдар | Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру саласындағы уәкілетті орган | Жыл сайын емтихандар өткізілген, танылған және берілген сертификаттар, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап үш ай ішінде* | |
189. | Пәндер бойынша өткізілген емтихандар және емтихан модульдеріндегі өзгерістер туралы есеп | Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша аккредиттелген ұйымдар | Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру саласындағы уәкілетті орган | Жыл сайын емтихандар өткізілген, танылған және берілген сертификаттар, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап үш ай ішінде* | |
Аудиторлық қызмет саласында | |||||
190. | Аудиторлық ұйымдар қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы есеп | Аудиторлық ұйымдар | Аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган | Тоқсан сайын | |
191. | Аудиторлық ұйымның аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы жылдық есебі | Аудиторлық ұйымдар | Аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган | Жылдық | |
192. | Аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы мәліметтер | Аудиторлық ұйымдар | Аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган | Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шарты жасалған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚ – акционерлік қоғам;
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;
ЖРВИ – жедел респираторлық вирустық инфекция;
ИСК– иондаушы сәулелену көздері;
ТЖ – теміржол;
ТТА – тұмау тәрізді аурулар;
ЯРЭҚ – ядролық, радиациялық және электрлік-физикалық қондырғылар.