Маңғыстау облысының аудандарының шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 119 қаулысы және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 шілдедегі № 13/133 бірлескен шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 шілдеде № 4719-12 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 2) тармақшасына, "Маңғыстау облысының шекарасын өзгерту туралы" 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1223 және "Маңғыстау облысының шекарасын өзгерту туралы" 2024 жылғы 17 мамырдағы № 387 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен қаулыға және шешімге 1, 2, 3, 4, 5 - қосымшаларға сәйкес Маңғыстау облысының шекарасынан жалпы ауданы 2 266 135,5378 гектар жерді қосу жолымен Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы және Түпқараған (Форт-Шевченко қаласын қоспағанда) аудандарының шекаралары өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Ж. Құлжановқа жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай
      Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Ж. Матаев

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2024 жылғы 17 шілдедегі № 119
  мен Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2024 жылғы 12 шілдедегі № 13/133
  бірлескен қаулыға және шешімге
  1- қосымша бірлескен қаулыға
  және шешімге 1- қосымша

Бейнеу ауданының шекарасының схемалық картасы




      Маңғыстау облысының Бейнеу ауданының жерлерінің экспликациясы

Атауы

Ауданы, гектар

Жерлерді қосқанға дейінгі Бейнеу ауданының шекарасындағы жерлердің ауданы

4 051 975,6085

Бейнеу ауданының шекарасына қосылатын жерлердің ауданы

126 208,5502

Жерлерді қосқаннан кейінгі Бейнеу ауданының шекарасындағы жерлердің ауданы

4 178 184,1587

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2024 жылғы 17 шілдедегі № 119
  мен Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2024 жылғы 12 шілдедегі № 13/133
  бірлескен қаулыға және шешімге
  2- қосымша бірлескен қаулыға және
  шешімге 2- қосымша

Қарақия ауданының шекарасының схемалық картасы




      Маңғыстау облысының Қарақия ауданының жерлерінің экспликациясы

Атауы

Ауданы, гектар

Жерлерді қосқанға дейінгі Қарақия ауданының шекарасындағы жерлердің ауданы

6 441 377,0961

Қарақия ауданының шекарасына қосылатын жерлердің ауданы

616 881,8556

Жерлерді қосқаннан кейінгі Қарақия ауданының шекарасындағы жерлердің ауданы

7 058 258,9517

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2024 жылғы 17 шілдедегі № 119
  мен Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2024 жылғы 12 шілдедегі № 13/133
  бірлескен қаулыға және шешімге
  3- қосымша бірлескен қаулыға
  және шешімге 3- қосымша

Маңғыстау ауданының шекарасының схемалық картасы




      Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданының жерлерінің экспликациясы

Атауы

Ауданы, гектар

Жерлерді қосқанға дейінгі Маңғыстау ауданының шекарасындағы жерлердің ауданы

4 675 709,9517

Маңғыстау ауданының шекарасына қосылатын жерлердің ауданы

218 527,6698

Жерлерді қосқаннан кейінгі Маңғыстау ауданының шекарасындағы жерлердің ауданы

4 894 237,6215

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2024 жылғы 17 шілдедегі № 119 мен
  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2024 жылғы 12 шілдедегі № 13/133
  бірлескен қаулыға және шешімге
  4- қосымша бірлескен қаулыға
  және шешімге 4- қосымша

Мұнайлы ауданының шекарасының схемалық картасы




      Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданының жерлерінің экспликациясы

Атауы

Ауданы, гектар

Жерлерді қосқанға дейінгі Мұнайлы ауданының шекарасындағы жерлердің ауданы

492 188,5756

Мұнайлы ауданының шекарасына қосылатын жерлердің ауданы

52 676,2423

Жерлерді қосқаннан кейінгі Мұнайлы ауданының шекарасындағы жерлердің ауданы

544 864,8179

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2024 жылғы 17 шілдедегі № 119 мен
  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2024 жылғы 12 шілдедегі № 13/133
  бірлескен қаулыға және шешімге
  5- қосымша бірлескен қаулыға
  және шешімге 5- қосымша

Түпқараған ауданының шекарасының схемалық картасы




      Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының жерлерінің экспликациясы

Атауы

Ауданы, гектар

Жерлерді қосқанға дейінгі Түпқараған ауданының шекарасындағы жерлердің ауданы

821 470,617

Түпқараған ауданының шекарасына қосылатын жерлердің ауданы

1 251 841,2199

Жерлерді қосқаннан кейінгі Түпқараған ауданының шекарасындағы жерлердің ауданы

2 073 311,8369


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады