Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Астана қаласының азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1124 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған шешімнің қосымшасында преамбуласы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Осы Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 18-бабының 22) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11-баптарына сәйкес әзірленді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы | Е. Каналимов |