Астана қаласында жаңа аудан құру, аудандардың шекараларын белгілеу және өзгерту туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 23 мамырдағы № 181/22-VIII және Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 23 мамырдағы № 01-1763 бірлескен шешімі және қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2024 жылғы 24 мамырда № 1382-01 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

      1. Астана қаласында жаңа аудан құрылсын.

      2. Жалпы ауданы 6 953 гектар болатын Астана қаласы жаңа ауданының шекарасы белгіленсін.

      3. Астана қаласы жаңа ауданының шекарасына 6 953 гектарды беру арқылы жалпы ауданы 8 518 гектар шекара белгіленіп, Астана қаласы "Алматы" ауданының шекарасы осы бірлескен қаулыға және шешімге қосымшаға сәйкес өзгертілсін.

      4. Осы бірлескен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы мен мәслихатының шешімі ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі
Астана қаласы мәслихатының
төрағасыЖ. Қасымбек
Е. Каналимов

  Астана қаласының әкімдігі
2024 жылғы 23 мамырдағы
№ 01-1763 мен
Астана қаласы мәслихатының
2024 жылғы 23 мамырдағы
№ 181/22-VIII бірлескен
әкімдігінің қаулысы мен
маслихаттың шешіміне
қосымша

      1. Астана қаласы "Алматы" ауданының шекарасы.

      "Алматы" ауданының шекарасы 8 518 гектарды құрайды және төмендегідей белгіленген:

      1-5 нөсерлі кәрізді тазарту құрылысы ауданындағы Есіл және Ақбұлақ өзендерінің қосылған жерінен Ақбұлақ өзенінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай Маймекен және Кендірлі көшелерінің қиылысына дейін, одан әрі Маймекен көшесінің бойымен солтүстікке қарай Бұйрат көшесіне дейін, Бұйрат көшесінің бойымен Ақбұлақ өзеніне дейін, Ақбұлақ өзенінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай қаланың шекарасына дейін, қала шекарасы бойымен магистральдық темір жолға дейін, магистральдық темір жол бойымен батыс бағыттағы Р. Қошқарбаев даңғылына дейін, Р. Қошқарбаев даңғылының тақ сандар жағымен Сарайшық көшесіне дейін, Арқар көпірі бойымен Есіл өзеніне дейін, 1-5 нөсерлі кәрізді тазарту құрылысы ауданындағы Есіл өзенінің бойымен Ақбұлақ өзенімен қосылатын тұсы.

      2. Астана қаласы жаңа ауданының шекарасы.

      Жаңа ауданның шекарасы 6 953 гектарды құрайды және төмендегідей белгіленген:

      Есіл өзенінен Арқар көпірі бойымен Сарайшық көшесімен Р. Қошқарбаев даңғылы бағытында жұп сандар жағымен магистральдық теміржолға дейін, магистральдық темір жол бойымен шығыс бағытта қала шекарасына дейін, қаланың шығыс шекарасымен оңтүстік бағытта Есіл өзеніне дейін, Есіл өзенімен Сарайшық көшесінің бойымен батыс бағытта Арқар көпіріне дейін.

      _____________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады