Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулылардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 ақпандағы № 508-524 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 ақпанда № 1370-01 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік етететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек

  Астана қаласы әкімінің
2024 жылғы 27 ақпандағы
№ 508-524 Астана қаласы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

Астана қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Мәдениет саласындағы коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 105-1016 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1108 болып тіркелген).

      2. "Мәдениет саласындағы коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 105-1016 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 508-1773 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1286 болып тіркелген).

      3. "Мәдениет саласындағы коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 105-1016 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 508-1277 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27885 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады