"Астана қаласында "Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызмет Регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 111-1817 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 мамырдағы № 502-1707 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2024 жылғы 23 мамырда № 1381-01 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласында "Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызмет Регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 111-1817 қаулысының (Нормативтық құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 863 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіптен:

      1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады