Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 16 шiлдедегi № 503-2348 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2024 жылғы 18 шiлдеде № 1388-01 болып тіркелді

      "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 19-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау бағдарларына сараланған тариф мынадай мөлшерлерде белгіленсін:

      1) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 110 (бір жүз он) теңге;

      2) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 250 (екі жүз елу) теңге;

      3) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға – 110 (бір жүз он) теңге;

      4) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қала маңында автомобильмен тасымалдау – бір километр үшін 9 (тоғыз) теңге 50 (елу) тиын;

      5) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – 220 (екі жүз жиырма) теңге;

      6) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – 350 (үш жүз елу) теңге;

      7) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдау кезінде – 220 (екі жүз жиырма) теңге;

      8) жолаушыларды қала маңындағы автомобильді тасымалдауда қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – бір километр үшін 14 (он төрт) теңге;

      9) жеңілдігі бар картамен төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға – 0 (нөл) теңге.

      2. Электрондық жолақы төлеу жүйесі жарамсыз болған жағдайда электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушы тегін жол жүруді пайдаланады.

      3. Мыналардың:

      1) "Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 503-1230 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1181 болып тіркелген);

      2) "Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 503-1230 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 503-1573 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1188 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады