Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 503-1230 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 шілдеде № 1181 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 16 шiлдедегi № 503-2348 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 16.07.2024 № 503-2348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау маршруттарына сараланған тариф электрондық жүйе арқылы төлеу кезінде мынадай мөлшерлерде белгіленсін:

      1) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды әдеттегі қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 90 (тоқсан) теңге;

      2) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 180 (бір жүз сексен) теңге;

      3) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға – 90 (тоқсан) теңге;

      4) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде қала маңындағы қатынаста – бір километр үшін 8 (сегіз) теңге;

      5) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды әдеттегі қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – 180 (бір жүз сексен) теңге;

      6) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – 250 (екі жүз елу) теңге;

      7) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдау кезінде – 180 (бір жүз сексен) теңге;

      8) қала маңындағы қатынаста қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – бір километр үшін 11 (он бір) теңге 50 тиын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 10.09.2018 № 503-1573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Электрондық жолақы төлеу жүйесі жарамсыз болған жағдайда электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушы тегін жол жүру құқығына ие болады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 10.09.2018 № 503-1573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Мыналардың:

      1) "Астана қаласының қалалық және қала маңы бағдарларында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 108-1759 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 956 болып тіркелген, "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде 2015 жылғы 24 қазанда жарияланған);

      2) "Астана қаласының қалалық және қала маңы бағдарларында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 108-1759 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 108-1100 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1036 болып тіркелген, "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде 2016 жылғы 28 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. "Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады