Тамақтандыру шығыстарын өтеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № А-2/97 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 наурызда № 8703-03 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтардың келесі санаттарына тамақтандыру шығыстары толық көлемде өтелсін:

      жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балаларға;

      дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балаларға;

      интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілеріне.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Б. Әміреноваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі М.Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады