"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу туралы" бірлескен Целиноград ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № А-4/96 қаулысының және Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 155/20-8 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округінің құрамынан шығарылып, дербес әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде Целиноград ауданының Қаражар ауылы құрылсын.
2. Целиноград ауданы Талапкер ауылдық округінің құрамынан шығарылып, дербес әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы құрылсын.
3. Целиноград ауданы Талапкер ауылдық округінің құрамынан шығарылып, дербес әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде Целиноград ауданының Ыбырай Алтынсарин ауылы құрылсын.
4. Целиноград ауданының Талапкер ауылдық округі дербес әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде Целиноград ауданының Талапкер ауылына қайта құрылсын.
5. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | М.Ахметжанов |
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы | Б.Жусупов |