Ақкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімінің "Сайлау учаскелерін құру туралы" 2021 жылғы 7 шілдедегі № 5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23337 болып тіркелген) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы келесі мазмұндағы № 799 сайлау учаскесімен толықтырылсын:
"№ 799 сайлау учаскесі.
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Шаңырақ көшесі, 38, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "55209 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Ақкөл қаласы, Шаңырақ көшесі, 38.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
С.Кенжетай |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |