Аршалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № А-38 "Ақмола облысының Аршалы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № А-03/267 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 желтоқсанда № 8881-03 болып тіркелді

      Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Ақмола облысының Аршалы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Аршалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № А-38 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26996 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      көрсетілген қаулының қосымшасында 13-жолында "Волгодонов" деген сөз "Елтоқ" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы ауданының әкімі Д.Есжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады