Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астрахан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Астрахан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 256 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25610 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Астрахан ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі | Т.Ерсеитов |