Астрахан ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қарашадағы № А-11/250 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 қарашада № 8856-03 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астрахан ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      Астрахан ауданы әкімдігінің "Астрахан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2021 жылғы 30 қарашадағы № 256 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25610 болып тіркелген);

      Астрахан ауданы әкімдігінің "Астрахан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Астрахан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 256 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2024 жылғы 4 қазандағы № А-10/223 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8837-03 болып тіркелген).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады