Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-13/4 "Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 1 тамыздағы № 8С-26/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 тамызда № 8806-03 болып тіркелді

      Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С–13/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8680-03 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл аудандық мәслихатының төрайымы А.Адильбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады