"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жарқайың ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. Жарқайың ауданы әкімдігінің "Жарқайың ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2022 жылғы 5 қаңтардағы № А-1/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26473 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарқайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі | Е.Жусупбеков |
Жарқайың ауданының әкімі 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № А-12/422 қаулысына қосымша |
Жарқайың ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Стационарлық емес сауда объектілерінің нақты орналасқан орындары |
Қызмет | Алып жатқан алаң (шаршы метр) | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл) | Жақын маңдағы инфрақұрылым (тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) |
1 | Державин қаласы, Мир көшесі, 92 А ғимаратының алдында | Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар | 168 шаршы метр | 5 жыл | жоқ |
2 | Державин қаласы, Мир көшесі, 152 ғимаратының жанында | Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар | 120 шаршы метр | 5 жыл | жоқ |
3 | Державин қаласы, Степной кенті шағын ауданы, Социалистік көшесі, 1 В ғимаратына қарама-қарсы | Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар | 120 шаршы метр | 5 жыл | жоқ |