Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зеренді ауданы әкімдігінің "Зеренді ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № А-9/621 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24647 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысының Зеренді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зеренді ауданының әкімі | А.Жаксылыков |