"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қорғалжын ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
"Қорғалжын ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № А-5/89 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6643 болып тіркелді);
"Қорғалжын ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № А-5/89 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № А-6/82 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28425 болып тіркелді).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қорғалжын ауданы әкімі | Б.Жанбаев |