Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы № 143/18-8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 наурызда № 8702-03 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      "Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 13/2-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8363 болып тіркелген);

      "Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 13/2-7 "Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 тамыздағы № 69/9-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8607-03 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы Л.Конарбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады