Целиноград ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № А-3/442 "Целиноград ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № А-12/401 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 желтоқсанда № 8867-03 болып тіркелді

      Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Целиноград ауданы әкімдігінің "Целиноград ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № А-3/442 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26474 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Целиноград ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Д.Сабырғали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады