Шортанды ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шортанды ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Шортанды ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8489 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
келесі мазмұндағы № 798 сайлау учаскесімен толықтырылсын:
"№ 798 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Советская көшесі, 22 "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Шортанды ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, уақытша ұстау изоляторы.
Шекаралары: Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Советская көшесі, 22.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының әкімі | С.Шабаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |