Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шортанды ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Шортанды ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № А-8/193 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30129 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының әкімі | С.Шабаров |