Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бурабай ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Бурабай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № а-3/118 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27518 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданы әкімінің орынбасары | Б.Махметов |