Бурабай ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № a-12/493 бірлескен қаулысы және Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 8С-25/1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 17 желтоқсанда № 8866-03 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және 31, 37-баптарына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Бурабай ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының әкімі А.Садыков
      Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы М.Нурпанова

  Бірлескен Бурабай ауданы
әкімдігінің 2024 жылғы
6 желтоқсандағы
№ a-12/493
қаулысына
  және Бурабай аудандық
мәслихатының
2024 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 8С-25/1 шешіміне
қосымша

Бурабай ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері

Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар

Оның ішінде

егістік

шабындықтар

жайылымдар

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

2705

1650

12

1043

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

18000

11000

50

6950


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады