"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша 2024 жылға арналған тұқым шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 44 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысы бойынша 2024 жылға арналған тұқым шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері
бюджет түрі | барлық қажеттілігі, мың тенге | оның ішінде, мың тенге | ||||
бірегей тұқымдар | элиталық тұқымдар | бірінші репродукция тұқымдары | бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары | элиталық көшеттер | ||
жергілікті | 250 000 | 654 | 43 076 | 33 503 | 144 694 | 28 073 |
барлығы | 250 000 | 654 | 43 076 | 33 503 | 144 694 | 28 073 |