"Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2024 жылғы 14 наурыздағы № 117 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 наурызда № 8529-04 болып тіркелді

      Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3306 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың төрағасы Г. Суентаева

  2024 жылғы 14 наурыздағы
№ 117 шешіміне қосымша
  2009 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 235 облыстық мәслихаттың
шешіміне қосымша

Ақтөбе облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері

Жайық, Сағыз, Ембi, Ойыл өзендері бассейні

1.

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 текше метр

220,68

2.

Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге/1000 текше метр

640,6

3.

Ауыл шаруашылығы

теңге/1000 текше метр

177,94

4.

Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 текше метр

173,89

5.

Су энергетика

теңге/1000 киловатт сағатына

-

6.

Су көлігі

теңге/1000 тонна километр

21,34

Торғай, Ырғыз өзендері бассейні

7.

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 текше метр

191,6

8.

Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге/1000 текше метр

539,35

9.

Ауыл шаруашылығы

теңге/1000 текше метр

148,32

10.

Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 текше метр

148,32

11.

Су энергетика

теңге/1000 киловатт сағатына

-

12.

Су көлігі

теңге/1000 тонна километр

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады