Мәртөк ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 қарашадағы № 155 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 22 қарашада № 8654-04 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 393 "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау және "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы ақпандағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 912 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" қаулысына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәртөк ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

      2. Мәртөк аудандық мәслихатының "Мәртөк ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" 2024 жылғы 18 наурыздағы № 101 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8536-04 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк аудандық
мәслихатының төрағасы
Т. Көлкебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады