Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35–жылдығына орай Темір ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 ақпандағы № 155 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 7 ақпанда № 8490 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 170 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 17.04.2024 № 170 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7–баптарына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35–жылдығына (15 ақпан 2024 жыл) орай Темір ауданында тiркелген және тұрақты тұратын келесі санаттағы мұқтаж азаматтарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін:

      1) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге;

      2) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;

      3) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі –КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;

      4) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне;

      5) бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне;

      6) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар–ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

      7) 1979 жылғы 1 желтоқсан–1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге.

      2. Әлеуметтік көмек "Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен алушылардан өтініштер талап етілмей "Азаматтарға арналға үкімет" Мемлекеттік корпарациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының ұсынған тізімдеріне сәйкес көрсетіледі.

      3. Темір ауданының жергілікті бюджеті қаржыландыру көзі болып анықталсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық
мәслихатының төрағасы
Б. Шаимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады