ЗҚАИ-ның ескертпесі!
01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 393 "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау және "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 912 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" қаулысына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Темір ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
2. "Темір ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Темір аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 ақпандағы № 156 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8493 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Темір аудандық мәслихатының төрағасы |
Б. Шаимов |