ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі.
Ойыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 175 "Ойыл ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7621 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ойыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ойыл ауданының әкімі | А. Казыбаев |
Ойыл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 128 қаулысына қосымша |
|
Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 175 қаулысына қосымша |
Ойыл ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
№ | Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймақ коэффициенті |
Ойыл ауданы | ||
Ойыл ауылдық округі | ||
1 | Ойыл ауылы | 1.95 |
2 | Екпетал ауылы | 1,85 |
3 | Ақшатау ауылы | 1,75 |
4 | Қаракемер ауылы | 1,75 |
Көптоғай ауылдық округі | ||
5 | Көптоғай ауылы | 1,85 |
6 | Қарасу ауылы | 1,70 |
7 | Шұбарши ауылы | 1,75 |
8 | Аманкелді ауылы | 1,75 |
Қараой ауылдық округі | ||
9 | Қараой ауылы | 1,85 |
10 | Құбасай ауылы | 1,65 |
Сарбие ауылдық округі | ||
11 | Сарбие ауылы | 1,85 |
12 | Қаракөл ауылы | 1,65 |
Қайыңды ауылдық округі | ||
13 | Ақжар ауылы | 1,75 |
14 | Көсембай ауылы | 1,75 |
Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі | ||
15 | Қаратал ауылы | 1,95 |
16 | Қарасу ауылы | 1,65 |
17 | Құмжарған ауылы | 1,75 |
Саралжын ауылдық округі | ||
18 | Кемер ауылы | 1,75 |
19 | Шиқұдық ауылы | 1,75 |
20 | Қоңырат ауылы | 1,30 |
21 | Ақкемер ауылы | 1,75 |
22 | Бестамақ ауылы | 1,85 |