Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 90 "Ойыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28211 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ойыл ауданының әкімі | А. Казыбаев |