Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3, 6 баптарына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Хромтау ауданы бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбесi, атаулары мен индекстерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Хромтау ауданының әкімі | Н. Тлеумуратов |
Хромтау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 78 қаулысына қосымша |
Хромтау ауданы бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ | Автомобиль жолының индекстері | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзындығы, км |
1 | KD-HR-1 | Табантал ауылына кіреберіс жол | 30,175 |
2 | KD-HR-2 | Тассай (Тассай ауылдық округі) ауылына кіреберіс жол | 28,615 |
3 | KD-HR-3 | Жазық станциясына кіреберіс жол | 1,075 |
4 | KD-HR-4 | Абай ауылына кіреберіс жол | 5,955 |
5 | KD-HR-5 | Тассай (Абай ауылдық округі) ауылына кіреберіс жол | 3,99 |
6 | KD-HR-6 | "Хромтау" теміржол станциясына кіреберіс жол | 6,025 |
7 | KD-HR-7 | Никельтау ауылына кіреберіс жол | 2,88 |
8 | KD-HR-8 | Қатты тұрмыстық қалдық полигонына кіреберіс жол | 2,9 |
9 | KD-HR-9 | "Самара-Шымкент" - "Дөң-Сарысай" | 22 |
10 | KD-HR-10 | Қызылсу ауылына кіреберіс жол | 11,73 |
11 | KD-HR -11 | "Самара-Шымкент" – "Құдықсай-Қопа" | 40,44 |
12 | KD-HR-12 | Ойсылқара ауылына кіреберіс жол | 17 |
13 | KD-HR-13 | Аққұдық ауылына кіреберіс жол | 28,58 |
14 | KD-HR-14 | "Көктау-Майтөбе" | 18 |
15 | KD-HR-15 | Тасөткел ауылына кіреберіс жол | 34,025 |
БАРЛЫҒЫ: | 253,39 |