"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағы 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 4-тармағына сәйкес, Қонаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қонаев қаласының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдауда сараланған тарифтері келесі мөлшерде белгілесін:
1) жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 80 (сексен) теңге;
2) жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 (екі жүз) теңге.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қонаев қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қонаев қаласының әкімі | Н. Куматаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қонаев қалалық мәслихаты