Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қонаев қаласы мәслихатының "Қонаев қаласы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 24 қазандағы № 11-38 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6047-05 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қонаев қаласы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
2-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Қонаев қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;";
2-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын Қонаев қаласының жергілікті атқарушы органы;";
6-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда баяндалсын:
"6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Алматы облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырады.";
6-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын.
7-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы қазақ тілді нұсқада мынадай редакцияда жазылсын:
"1) 9 мамыр – Жеңіс Күні:
мәртебеcі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет – 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткіш және ай сайын 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш;";
7-тармақтың 1) тармақшасының 14-абзацы алып тасталсын;
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакциядағы абзацпен толықтырылсын:
"әлеуметтік көмек өрт немесе төтенше жағдай болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей көрсетіледі;";
9-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға орташа табысы есепке алынбай бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға орташа табысы есепке алынбай бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
14-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"2) алушы Қонаев қаласының шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткенде;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы | Аты-жөні |