Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Балқаш аудандық мәслихатының "Балқаш ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 6 қазандағы № 9-33 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6039-05 болып тіркелген) шешiмiне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2-тармақтың 1)тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
7-тармақтың 1)тармақшасының бірінші абзацы қазақ тілді нұсқада мынадай редакцияда жазылсын:
"1) 9 мамыр – Жеңіс Күні:
мәртебесі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет – 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткіш және ай сайын 3 (үш айлық) есептік көрсеткіш;";
7-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
9-тармақтың 1)тармақшасы мынадай абзацпен толықтырылсын:
"Әлеуметтік көмек өрт немесе төтенше жағдай болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей көрсетіледі.";
9-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш:
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;";
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Балқаш ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.";
12-тармақ мынадай абзацпен толықтырылсын:
"Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);
3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:
дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;
жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжат;
жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжат;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмау фактісін растайтын құжат;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады.Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Балқаш аудандық мәслихатының хатшысы | К. Омаров |