Еңбекшіқазақ ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 маусымдағы № VIII-24-119 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 24 маусымда № 6135-05 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Еңбекшіқазақ ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының әлеуметтік бағыттағы салаларды дамыту мен заңдылық, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Э. Байшеков

  Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 24 маусымдағы № VIII-24-119 шешіміне қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрықтарына (бұдан әрі – Қағида) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

1-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде Қағиданың 2-тармағында көрсетілген негізгі ұғымдар пайдаланылады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі.

      3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Еңбекшіқазақ ауданының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 (он) пайыз мөлшерінде белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      4. Тұрғын үй көмегі көрсетілген аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      5. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – портал) тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      6. Тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанда құжаттарды ұсыну уақытына қарамастан ағымдағы тоқсанға тағайындалады және көрсетіледі.

      7. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін портал немесе Мемлекеттік корпорация арқылы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш және Қағиданың 2-қосымшасы Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      8. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      9. Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      10. Портал арқылы өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      11. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін көрсетуден Қағидалардың 18-тармағында қарастырылған тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.

      13. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру тұрғын үй көмегін тағайындаушы көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегінің тағайындалуы туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе "жеке кабинетке" электрондық құжат түрінде жолданады.

      14. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе порталдан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      15. Тұрғын үй көмегін алушылар уәкілетті органды тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе оның мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы олар туындаған күннен бастап хабардар етеді.

      Алушылар тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған фактісі бойынша).

      Артық төленген сомалары ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      16. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде алаңның нормасы есепке алынады:

      1) бір отбасы мүшесіне – пайдалы алаңы 18 (он сегіз) шаршы метрден кем емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген жалғыз тұратын азаматтар үшін – пайдаланатын алаңына қарамастан 30 шаршы метр, бірақ нақтыдан асырмай.

      17. Коммуналдық қызметті тұтыну нормалары тиісті уәкілетті орган қолданатын коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламалы.

      18. Коммуналдық қызметтерді тұтыну тарифтерін қызмет жеткізуші ұсынады.

      19. Тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:

      1) газды тұтыну нормасы: газ плитасы және орталық ыстық сумен жабдықтау болған кезде тамақ дайындау үшін газ шығыны: көп пәтерлі тұрғын үйлерде, жеке секторда тұратын отбасылар тамақ дайындау үшін тауарлық газды пайдаланатын – бір отбасыға айына 10,0 текше метр, есептеу аспаптары бар нұсқауларға сәйкес, бірақ қолданыстағы нормадан жоғары емес. Пешпен жылтатын тұрғын үйде тұратын отбасылар үшін – отбасына 1 айға тұтынатын сұйық газ – 10 килограмм (1 кішкене баллон);

      тұрғын жайларды жылыту үшін газды тұтыну нормасы: көп пәтерлі тұрғын үйлерде, жеке секторда тұратын отбасылар үшін тауарлық газды пайдалану кезде – айына 1 шаршы метрге 7,0 текше метр;

      2) электр энергиясын тұтыну нормасы: 1 адамға – 70 киловатт, 2 адамға – 140 киловатт, 3 адамға – 180 киловатт, 4 және одан да көп адамы бар отбасы үшін – 210 киловатт;

      3) сумен қамтамасыз ету нормасы – әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда – көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;

      4) кәріз – әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда – көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;

      5) тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару нормасы: жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттар бойынша;

      6) қатты отынды тұтынушылар үшін: пешпен жылытатын тұрғын үйлерге жылыту маусымына – төрт тонна көмір, бірақ қажетпен жабдықталған пәтерлерді жылыту үшін электр қуатын қолданатындарға төрт тонна көмірдің құны.

      Қатты отынның құнын есептегенде аймақта өткен тоқсанда қалыптасқан орташа баға ескеріледі.

      Коммуналдық қызметтерді тұтыну есебіне қабылданатын шығыстар коммуналдық қызметтерді тұтынудың белгіленген нормативтерінен аспайтын, өткен тоқсандағы нақты шығындар бойынша айқындалады.

      Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

3-тарау. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу

      20. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру Еңбекшіқазақ ауданының бюджетімен тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      21. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушылардың есеп шоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегін төлеу тоқсанның соңғы айының 20-күнінен кейін жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады