Райымбек аудандық мәслихатының "Райымбек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 14 қарашадағы № 13-73 шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы

Жаңа

Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 тамыздағы № 29-159 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 22 тамызда № 6150-05 болып тіркелді

      Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Райымбек аудандық мәслихатының "Райымбек ауданының әлеуметтік көмеккөрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 14 қарашадағы № 13-73 шешiмiне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:


      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      қазақ тіліндегі мәтінінде 7-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:


      "1) 9 мамыр – Жеңіс Күні:

      мәртебеcі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет – 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткіш және ай сайын 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш;";

      7-тармақтағы 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      9-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:


      "1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің екі еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып:

      оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) бір рет –400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдары туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімі – үш ай;";

      9-тармақ 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:


      "2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш:

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Райымбек аудандық мәслихатының төрағасы С. Мусирбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады