Райымбек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қазандағы "Райымбек ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 76-360 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 тамыздағы № 29-162 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 22 тамызда № 6152-05 болып тіркелді

      Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Райымбек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қазандағы "Райымбек ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 76-360 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5729 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:


      "2. Заңның 9-бабы 5-тармағына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары кемінде 800 метр арақашықтықта айқындалсын.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Председатель Райымбекского районного маслихата С. Мусирбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады