Талғар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 3 наурыздағы № 3-14 "Талғар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 ақпандағы № 18-68 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 ақпанда № 6094-05 болып тіркелді

      Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Талғар аудандық мәслихатының "Талғар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 3 наурыздағы № 3-14 шешіміне (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 5898 болып тiркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы қазақ тілінде жаңа редакцияда жазылсын:


      "Талғар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері";

      көрсетілген шешімнің 2-тармағы алып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талғар аудандық мәслихатының төрағасы М. Алибеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады