"Талғар ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы" бірлескен Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 06 ақпандағы № 11-65 шешіміне және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 ақпандағы № 02-30 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу турал

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы № 29-101 бірлескен шешімі және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 тамыздағы № 08-339 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 тамызда № 6156-05 болып тіркелді

      Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Алматы облысы Талғар ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы" бірлескен Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 06 ақпандағы № 11-65 шешіміне және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 ақпандағы № 02-30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4120 болып тіркелген) қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен мәслихат шешімінің және әкімдік қаулысының 1-тармағында:

      5) тармақшасы мынадай келесі абзацпен толықтырылсын:


      "Жаңа Қуат ауылының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 472,0234 гектар болып белгіленсін;";

      6) тармақшасының 6-абзацы келесі редакцияда жазылсын:


      "Жалқамыс ауылының шекарасы (шегі) 23,5714 гектарға өзгертіліп, Жалқамыс ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 386,1314 гектар болып белгіленсін;";

      6) тармақшасының 7-абзацы келесі редакцияда жазылсын:


      "Көктал ауылының шекарасы (шегі) 26,6243 гектарға өзгертіліп, Көктал ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 305,0557 гектар болып белгіленсін;";

      6) тармақшасының 10-абзацы келесі редакцияда жазылсын:


      "Тереңқара ауылының шекарасы (шегі) 67,9061 гектарға өзгертіліп, Тереңқара ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 134,4061 гектар болып белгіленсін;".

      2. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі және Талғар ауданы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің орынбасары Аскербеков Ануар Жанболатовичке жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі және Талғар ауданы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғанған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының төрағасы М. Алибеков
      Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Т. Айдарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады