Ұйғыр ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 332 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 12 қыркүйекте № 6161-05 болып тіркелді

      "Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37-баптарына сәйкес Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ұйғыр ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұйғыр ауданының әкімі Б. Елеусизова

  Ұйғыр ауданының әкімі 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 332 қаулысына қосымша

Ұйғыр ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізімі

      1. Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 28 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4109 болып тіркелген);

      2. Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы №30 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4106 болып тіркелген);

      3. Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 31 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4108 болып тіркелген);

      4. Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 29 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4107 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады