Кеген аудандық мәслихатының "Кеген ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 19 қазандағы № 11-52 шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы

Жаңа

Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 маусымдағы № 21-101 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 18 маусымда № 6130-05 болып тіркелді

      Кеген аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кеген аудандық мәслихатының "Кеген ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 19 қазандағы № 11-52 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6043-05 болып тіркелген) шешiмiне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:


      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      7-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеген аудандық мәслихатының "Халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту, тіл, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, туризм, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Нұғман

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады