"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шымкент қаласында 2024 жылға басым дақылдар тiзбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.
2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | Г. Сыздыкбеков |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы "20" наурыздағы № 1222 қаулысына қосымша |
Шымкент қаласында 2024 жылға басым дақылдар тiзбесі және субсидиялар нормалары
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы | Өлшем бірлігі тонна, гектар | Субсидия нормалары, теңге |
1 | Мақсары | тонна | 20 000 |
2 | Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөніс | гектар | 8 148 120,0 |
3 | Фермерлік жылыжайдағы көкөніс | гектар | 4 858 142,8 |