Шымкент қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Жаңа

Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/120-VIII шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 наурызда № 203-17 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесi!
      Осы шешiм 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шымкент қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Шымкент қаласы
      мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады