Шымкент қаласындағы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жаңа

Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/124-VIII шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 наурызда № 204-17 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Шымкент қаласындағы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов

  Шымкент қаласы мәслихатының
2024 жылғы 19 наурыздағы
№ 14/124-VIII
шешіміне 1-қосымша

Шымкент қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Шымкент қаласында тұратын, жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылар (азаматтар) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) айқындалған тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушімен есептеледі.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының бес пайыз көлемінде белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуда өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен алынған норма қолданылады, бір бөлмелі пәтерлерде тұратын азаматтар үшін– тұрғын үйдің жалпы алаңы, көп бөлмелі пәтерлерде (үйлерде) жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 шаршы метр.

      6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникациялар желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерінің көтерiлуiне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

      7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. 

      8. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тікелей "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе порталдан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      10. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

      Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өтініш бергенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының кірістерін растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.

      12. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      13. Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      14. Портал арқылы өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      15. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін көрсетуден Қағидалардың 18-тармағында қарастырылған тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.

      17. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру тұрғын үй көмегін тағайындаушы көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегінің тағайындалуы туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе "жеке кабинетке" электрондық құжат түрінде жолданады.

      18. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы мақсаттарға тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      19. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші есептеген сомаларды екінші деңгейдегі банктер арқылы тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

      20. Тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тарту туралы қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы шешімге заңнамада белгіленген тәртіппен дау айтуға құқылы.

  Шымкент қаласы мәслихатының
2024 жылғы 19 наурыздағы
№ 14/124-VIII
шешіміне 2-қосымша

Шымкент қаласы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Шымкент қаласындағы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Шымкент қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/505-6с шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 77 болып тіркелген).

      2. "Шымкент қаласындағы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/505-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешiмiне өзгерістер енгізу туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 25 қарашадағы № 22/210-VII шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 31000 болып тіркелген).

      3. "Шымкент қаласындағы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/505-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешiмiне өзгерістер енгізу туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 маусымдағы № 4/37-VIII шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 183-17 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады