Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Шымкент қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | Г. Сыздыкбеков |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 2 мамырдағы № 1994 қаулысына қосымша |
Шымкент қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1) "Шымкент қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 818 қаулысының (Шымкент қаласының Әділет департаментінде № 176-17 болып тіркелген);
2) "Шымкент қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 818 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 тамыздағы № 1418 қаулысының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 28975 болып тіркелген);
3) "Шымкент қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 818 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 971 қаулысының (Шымкент қаласының Әділет департаментінде № 176-17 болып тіркелген).