Ескерту. Күші жойылды – Шымкент қаласы әкімдігінің 02.05.2024 № 1994 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласы әкімдігінің "Шымкент қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 818 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 152 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қабылдауға жазуды қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер күн сайын жұмыс күндері жұмыс уақытында түскі үзіліспен "электрондық үкімет" веб-порталындағы электрондық құжаттар, бірінші басшысының бірыңғай интернет-порталына, "е-Өтініш" ақпараттық жүйесіне, қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол түскен жолданымдар немесе қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкеріне ауызша нысанында, сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлменің Call-орталығына келіп түскен жолданымдар негізінде жүргізеді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Шымкент қаласы әкімінің, оның бірінші орынбасары және орынбасарларының жеке қабылдауы әкіммен бекітілген кестеге сәйкес айына бір реттен кем емес жүргізіледі.
Сондай-ақ қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес есеп беру кездесуі өткізілгенге дейін бір күн бұрын және есеп беру кездесуі өткізілгеннен кейін өткізіледі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776 "Қызмет бабында пайдалану үшін" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулығына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
Қажет болған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау аудармашының қатысуымен жүргізіледі.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдауда берген өтініштері, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзге де ережелері көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қабылдау өтініштердің кезектілігі тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, "Алтын Қыран" ордендерімен марапатталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы бар адамдар кезектен тыс қабылданады".
30, 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Мәселенің сипаты барынша пысықтауды талап ететін күрделі болған жағдайда өтінішті қарау мерзімі қала әкімі аппараты басшысының немесе оның орынбасарының уәжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
31. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің уәкілетті қызметкерлерінің қала әкімінің және оның орынбасарларының қабылдауын ұйымдастыру, қабылдауды өткізу тәжірибесін талдау және қорыту үшін қажетті материалдарды ұсыну туралы талаптары қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері, аудан әкімдері аппараттары, басқармалар үшін міндетті болып табылады.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Бөлім қала әкімі аппаратының мүдделі құрылымдық бөлімдерімен бірлесіп:
1) қала әкімінің және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау шеңберіндегі жұмысын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді;
2) арыз иесін қабылдауға тартылған жауапты лауазымды адамдардың, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың, прокуратура және сот билігі органдарының аумақтық бөлімшелерінің жауапты лауазымды тұлғаларының қатысуын (келісім бойынша);
3) арыз иесімен кері байланысты (қажеттілігіне қарай);
4) төтенше жағдай, төтенше ахуал режимдерін; эпидемиологиялық сипаттағы карантиндік шараларды енгізуге; халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін техногендік апаттар мен өзге де апаттармен байланысты шектеу шаралары қабылданған жағдайда жұмыс істейтін call-орталықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді".
2. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде тіркеуді;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы әкімінің | |
міндетін уақытша атқарушы | М. Исахов |