"Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | Г. Сыздыкбеков |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы "10" шілдедегі № 3633 қаулысына қосымша |
Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі
Р/с | Объектілердің тізбесі |
1. |
Шымкент қалалық Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры (хабарламаға арналған экран) |
2. |
Шымкент қалалық орыс драма театры |
3. |
Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры |
4. |
Шымкент қалалық өзбек драма театры |
5. |
Шымкент қалалық опера және балет театры |
6. |
Шымкент-Цирк |
7. |
"Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы ғимараты (хабарламаға арналған экран) |
8. |
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионы |